Әзербайжанда жаттығу
Әзербайжан әуе күштері жаттығу жүргізді.
2036829

Әзербайжан әуе күштеріне қарасты қорғаныс жасақтары «Barak 8-ER» зымырандарымен жаттығу жүргізді.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап, жоспарлы жаттығу шеңберінде «жау зымырандарының» «Barak 8-ER» зымырандарымен жойылғанын білдірді.
Жаттығу әуе қорғаныс жасақтарының соғыс қабілетін арттыру және қызметкерлер арасындағы байланысты нығайту мақсатымен жүргізілді.