Қасым-Жомарт Тоқаев  халыққа үн қатты

Тоқаев «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы 400-ге жуық мектеп салынатынын айтты.

2032045
Қасым-Жомарт Тоқаев  халыққа үн қатты

Өткен жылдан бері елімізде ауқымды саяси реформалар жүргізіліп жатқанын еске салған Тоқаев азаматтардың әл-ауқатының жоғарылағанын мәлімдеді.

Тоқаев 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есеге өскенін және «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы 400-ге жуық мектеп салынатынын айтты.

Еліміздің күшті парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшкенін айтқан Тоқаев «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» фоммуласының өте маңызды екенін түсіндірді.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл орындалған факт емес, бұл - алға қойылған мақсат. Әділ Қазақстанның қалыптасуына үлес қосыңыздар. Әр адамның дауысы маңызды!

Тоқаев атап өткен маңызды мәселелердің бірі қорғаныс өнеркәсібі саласы болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев  «Тағы бір маңызды мәселе – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту. Бұл мәселе дамыған мемлекеттерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Ең маңызды міндет – импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретін, өзімізде шоғырлану үлесі жоғары өндіріс циклін құру», - деді.

Мемлекет басшысы елдің армиясын жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен, оның ішінде беренді техникамен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, заманауи атыс қаруымен қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Алдағы құрылымдық экономикалық реформаларға тоқталған Тоқаев: «Қазіргі таңда ең маңызды міндет – елдің берік индустриялық негізін құру және экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету. Сондықтан өндіріс саласын жедел дамытуға басты назар аудару керек. Бізге еліміздің өмірін шынымен өзгертетін көптеген жобаларды жүзеге асыру қажет. Экономиканы әртараптандыру міндеті бұрынғыдан да өзекті болып отыр» деп көрсетті.

Тоқаевтың айтуынша, елде металл, мұнай, газ және көмір кеніштерін терең өңдеу, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автомобиль бөлшектері мен тыңайтқыш өндірісі сияқты салаларға назар аудару керек.

Елдегі энергетикалық қауіпсіздік мәселесі де қолға алынуы тиіс екенін атап өткен Қазақстан Президенті Қазақстанның электр қуатын негізінен импорттамайтынын және көрші елдерге тәуелді екенін айтты.

Елде су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасы мәселесі өзекті болып отырғанын айтқан Тоқаев халық саны мен экономикалық өсу үрдісін ескере отырып, 2040 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін атап өтті.

Тоқаев 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақының 21 пайызға өсетінін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар