«Ортақ әліпби комиссиясы» құрылды

Түркі әлемінің ортақ әліпбиі бойынша Түрік Мемлекеттері Ұйымы шаңырағы астында  «Ортақ әліпби комиссиясын» құру туралы шешім қабылданды.

1895675
«Ортақ әліпби комиссиясы» құрылды

Түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшу үдерісі мен тіл бірлігі процесін жеделдету мақсатында «Ортақ әліпби комиссиясы» құрылды.

Тіл мерекесінің 90 жылдығына байланысты өткен айда Бурсада ұйымдастырылған «Түркі әлемінің ортақ әліпбиі семинарында» Түрік Мемлекеттері Ұйымына  ұсынылатын шешімдер қабылданды.

Түрік Тілі мекемесі және Түрік Мемлекеттері Ұйымы бірлесіп өткізген семинарда түрік мемлекеттерінен келген ғалымдар өз елдерінде қолданылған әліпби және тарихи үдерістер туралы ақпарат берген семинарда ортақ әліпбиге көшу процесін жеделдету және қолдану аясын кеңейту керек екені білдірілді.

Семинарда Түркі әлемінің ортақ әліпбиі бойынша Түрік Мемлекеттері Ұйымы шаңырағы астында  «Ортақ әліпби комиссиясын» құру туралы шешім қабылданды.

Түркі Республикаларының ресми мекемелері ұсынатын 2 мүшеден тұратын комиссия  Түрік Мемлекеттері Ұйымы Ақсақалдар кеңесіне ортақ әліпби және одан шығарылатын ұлттық әліпбилер туралы рапорт дайындайды.

Алғашқы отырысын Қырғызстанда өткізетін комиссия бірлескен әліпби зерттеулерін бақылап, Ақсақалдар кеңесіне рапорт береді.



Ұқсас жаңалықтар