Акар Әзербайжан қорғаныс министрімен сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Хасановпен телефон арқылы сөйлесті.

1879356
Акар Әзербайжан қорғаныс министрімен сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзербайжан мен Армения шекарасындағы қақтығыстардан кейін Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен телефон арқылы сөйлесті.

Соңғы жағдайдан мағлұмат алған Хулуси Акар қақтығыста шейіт болған қаһарман Әзербайжан сарбаздарына Алладан рақым, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Әңгіме барасында Арменияның шабуылшы және арандатушылық тұғырына наразылық білдірген министр Акар Түркияның әрқашан бауырлас Әзербайжанның жанында болғанын және әділетті жақтауды  жалғастыратынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар