Әзербайжаннан Ресейге наразылық нотасы

Шешенстанда ұсталған үш Әзербайжан азаматына байланысты наразылық нотасын жолдады.

2188241
Әзербайжаннан Ресейге наразылық нотасы


    Әзербайжан Ресей Сыртқы істер министрлігіне Шешенстанда үш Әзербайжан азаматының ұсталуына байланысты наразылық нотасын жолдады. 
    «АPА» агенттігінің дипломатиялық дереккөздерден алынған мәліметтеріне сәйкес ұсталғандардың есімдері: Нихад Рзаев, Елхан Ширинов және Вугар Магеррамов.
    Нота мәтінінде ұсталғандардың Украинадағы соғысқа күштеп жіберілуіне алаңдаушылық білдірілген. Әзербайжан тарапы Ресей Сыртқы істер министрлігіне жағдайды қайта қарап, Әзербайжан азаматтарының құқықтарын қорғау шараларын қабылдауды талап етті. 
    Баспасөздің хабарлауынша, Ресей Украинадағы соғыс басталғаннан бері (2022 жылдың ақпанынан) иммигранттарды соғысқа белсенді түрде тартуда. Олардың арасында тек Орталық Азия елдерінің азаматтары ғана емес, Үндістан, Куба, Шри-Ланка сияқты елдердің азаматтары да бар.
    Иммигранттарға әскерге бару туралы келісім-шартқа қол қойса қысқа уақытта азаматтық берілетіндігі туралы уәде берілуде. Ал Ресей төлқұжаттарын алғандарды азаматтықты тәркілеу қаупімен қорқытып әскерге баруға мәжбүрлеуде. 
    РФ Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастиркин маусым айының соңында Ресей азаматтығын алған 10 мың иммигрантты соғысқа жібергенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар