Германия канцлері Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесті

Кездесуде көпқырлы ынтымақтастық, жасыл энергетика,  логистика, «Орта дәліз» мәселелері қарастырылды.

2188289
Германия канцлері Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесті

 

    Германия канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапары аясында Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесті. Орталық Азия елдері басшылары мен Германия федералды канцлерінің екінші кездесуінде  алғашқы болып сөз алған Қазақстан Президенті Тоқаев «Орталық Азия – Германия» форматындағы көпқырлы ынтымақтастық тарихында жаңа парақ ашылғанын атап өтті. Ол Қазақстанның Германияға 100 тауар түрін экспорттау көлемін 850 миллион долларға арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Германияны жасыл энергетика жобасына қатысуға шақырды.
    Кездесудің негізгі күн тәртібінің бірі Орталық Азия мен Еуропаның көлік-логистикалық жүйелерін одан әрі интеграциялау болды.
    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның Германия мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық әлеуетін ашуға мүдделі екенін атап өтті.
    Кездесуде Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанмен бірге Каспий теңізінің түбінен Еуропа елдеріне дейін созылатын жасыл энергиямен жабдықтау желісін құру жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатқаны белгілі болды. Жаһандық шлюз бағдарламасы аясында «Орта дәлізді» дамытуға 10 миллиард еуро бөлу туралы шешім мақұлданды. 
    Кездесуде президенттермен қатар неміс іскер әлемі өкілдері де сөз алды.



Ұқсас жаңалықтар