"Біз бұл жолдарда бірге жүрдік" таныстырылды

Ердоған мен Әлиевтің достығы суреттелген "Біз бұл жолдарда бірге жүрдік"  атты кітап рәсіммен таныстырылды.

1748696
"Біз бұл жолдарда бірге жүрдік" таныстырылды

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің екі елдің достығын баяндаған, Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің депутаты Мелахат Ибрахимқызы жазған "Біз бұл жолдарда бірге жүрдік"  атты кітап рәсіммен таныстырылды.

Анкарада өткізілген рәсімде кітаптың авторы Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің депутаты Мелахат Ибрахимқызы Президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев арасындағы шайқалмас достық жайлы көптеген кітап мен еңбектер жазуға болатынын айтты.

Мелахат Ибрахимқызы Әзербайжан түрікшесімен жазылған кітап жайлы:

"Бүгінгі бас қосудың мақсаты тек кітапты таныстыру ғана емес, ғасырлар бойы аталарымыз арман еткен бауырластық іске асқан күннің қуанышы. Осы достықтың жемісі. Әзербайжан территориясының 30 жылдан кейін жаулап алудан азат етілген жеңісі достығымыз бен бауырластығымыз арқылы іске асты.

Ердоғанның мызғымас достығы болмаса, бұл іске аспас еді. Кітаптың бас кейіпкерлері екі елдің президенттері. Осы достықты Шушада көкке көтерді. Екі лидердің мақсатыТүркия-Әзербайжан достығы мен бауырластығын мәңгілік бекемдеу.

Болашақта ортақ территорияларда түрік халқтарының тоғысуын тілейміз. Бүгін бұған кепіл болдық. Екі лидерімізді Алла қолдасын, Түркі әлемінің басында болсын деп тілейміз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар