Әлиев операцияны тоқтату шарттарын жариялады

«Армения армиясы жерімізден кетсін. Пашиниан Әзербайжан жерін мойындайтынын жарияласын" деді.

1502732
Әлиев операцияны тоқтату шарттарын жариялады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан армиясының азат ету операциясын доғарудың шарттарын жариялады.

Әлиев Ұлтқа үндеу жасап,  Жебраил қаласының азат етілуіне байланысты халықты құттықтады.

Әзербайжанның территория тұтастығы үшін күресіп жатқанын білдірген Әлиев азат етілген барлық қалаларды қайтадан құратындарын, армяндар қиратқан мешіттерді жөндейтіндерін атап көрсетті.
Әлиев Әзербайжан армиясының операцияларының тоқтауы үшін «Армения армиясы жерімізден кетсін. Пашиниан Әзербайжан жерін мойындайтынын жарияласын. Әзербайжан халқынан кешірім сұрасын, Қарабахтың армян жері еместігін айтсын.  Бізге Армения армиясы басып алған жерлерден кету күнтізбесін берсін» деді.
 



Ұқсас жаңалықтар