Президент Ердоған Мирзиеевке алғыс айтты

Шавкат Мирзиеев Ердоғанды еліне шақырды.

906283
Президент Ердоған Мирзиеевке алғыс айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті.

Өзбекстан Президенттік аппаратының баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  Ердоған мен Мирзиеевтің телефон әңгімесінде Мирзиеевтің қазан айындағы Түркияға мемлекеттік сапарының көп бағытты және өзара мүддеге сүйенетін өзбек-түрік ынтымақтастығын жаңа сатыға көтергені атап көрсетілді.

Әңгімеде осы сапар барысында қол қойылған келісімдердің жүзеге асырылуы,  сауда-экономикалық,  инвестиция, технология, бан,  қаржы саласы,  қатынас,  туризм және басқа да секторларда ауқымды жобалардың жылдамдатылуы тақырыптары қолға алынды.

Президент Ердоған Өзбекстанның түрік азаматтары үшін 30 күндік виза жеңілдігі жөнінде қабылдаған шешімі үшін Мирзиеевке алғыс айтты.

Мирзиеев те шешімнің сауда-экономикалық, инвестиция және туризм саласында жаңа мүмкіндіктерге қызмет ететінін,  ең маңыздысы бауырлас халықтар арасындағы достықты нығайтып,  түрік азаматтарының Өзбекстанға келуін жеңілдететінін білдірді.

Телефон әңгімесі барысында сонымен бірге халықаралық және басқа да өзекті өңірлік мәселелер қаралды. Өзбек президент өңірде бейбітшілік пен тұрақты дамудың қамдалуы мақсатымен наурыз айында Ташкентте болатын Ауғанстан тақырыпты халықаралық конференцияға Түркияны шақырды.

Ердоған аталмыш бастаманы толық қолдайтындарын айтып,  осы конференцияға Түркияда жоғары деңгейде бір делегацияның қатысатынын білдірді.

Өзбекстан президенті Мирзиеев айырықша Ердоғанды еліне шақырды.



Ұқсас жаңалықтар