Өзбекстан Түркиямен ынтымақтастығын бағалады
Өзбекстан Түркия ынтымақтастығын стратегиялық ортақ деңгейіне көтергенін мәлімдеді.
![Өзбекстан Түркиямен ынтымақтастығын бағалады](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/39d1/486a/8182/59f72d36d4ab4.jpg?time=1719338444)
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Камилов Өзбекстан мемлекеттік арнасына президент Шавкат Мирзиеевтің өткен апта Түркияға жасаған ресми сапарын бағалады.
Камилов Өзбекстан мен Түркия ынтымақтастығы тарихында тұңғыш рет қарым-қатынастардың стратегиялық ортақтық деңгейіне көтерілгенін білдірді.
Мирзиеевтің өткен апта президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барғанын еске салған Камилов сапардың өте табысты және мағыналы өткенін тілге тиек етті.
Түркияның сапарының «тарихи бір сапар» ерекшелігіне ие екенін атап көрсеткен Камилов «Түркия өте үлкен мүмкіншіліктері бар мемлекет. Алдынғы қатарлы түрік фирмалары әлемнің 160 елінде белсенді жұмыс істеуде» деді.
Мизиеевтің Түркия сапарында 20-дан астам келісім-шартқа қол қойылғанын атап көрсеткен Камилов осылар арасында екі ел президенттері тарапынан қол қойылған Ортақ декларацияның маңызының ерекше орны бар екенін білдірді.
Камилов «Екі ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі тұстарын белгілейтін Ортақ декларацияда атап көрсеткендей Өзбекстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық тарихында тұңғыш рет стратегиялық ортақтық деңгейіне көтерілді» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт академиясы шәкіртақы жариялады
Қабылданғандардың оқу ақысы мен өмір сүру шығындарын Әзербайжан Спорт академиясы өтейді.
![Қазақстанда бірлескен жаттығу басталды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/c108/3edb/b647/667aaa3e371e5.jpg?time=1719338444)
Қазақстанда бірлескен жаттығу басталды
Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштерінің «Дала сұңқары-2024» бірлескен оқу-жаттығуы басталды.