Қырғызстанның премьер-министрі отставкаға кетті

Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жиенбеков президенттік сайлауға қатысу үшін отставкаға кеткенін жариялады.

794409
Қырғызстанның премьер-министрі отставкаға кетті

Қырғызстанда 16 айдан бері премьер-министрлік міндетін атқарып келген Сооронбай Жиенбеков президенттік сайлауға қатысу үшін отставкаға кеткенін жариялады.

Премьер-министр Жиенбеков кабинет жиналысында жасаған мәлімдемеде сайлау ережесіне сәйкес премьер-министрлік қызметінен отставкаға кеткенін және отставкаға кету хатын президентке ұсынғанын атап көрсетті.

Жиенбеков «Менің үшін таза, әділ және ашық өтуі маңызды. Саясат қайраткерлері ‘мемлекеттің күшін пайдаланады’ деп шағымданбасын. Сол үшін премьер-министрлік міндетінен отставкаға кетуге шешім қабылдадым» деді.

Президент баспасөз орталығы Жиенбеков ұсынған отставкаға кету хатының президент Атамбаев тарапынан қабылданғанын жариялады.

Қырғызстанда 15 қазан күні өткізілетін президенттік сайлау үшін 59 үміткер арыз берді.

Орталық сайлау комитеті Ақ Шумқар партиясының құрушысы және бұрынғы премьер-министр Темир Сарыев, Республикашыл партиясының құрушы басшысы және бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабанов және Социалистік партияның үміткері Жиенбековтың үміткерліктерінің қабылданғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар