Иранның Сыртқы істер министрі Қырғыз Республикасында

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев Бішкекте Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифпен кездесті.

716346
Иранның Сыртқы істер министрі Қырғыз Республикасында

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев Бішкекте Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифпен кездесті.

Ресми сапармен Қырғыз Республикасына барған Иран Сыртқы істер министрі Зариф пен қасындағы делегация Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Әбділдаевпен Президенттік Конгресс залда бас қосты.

Қырғыз министр Иранмен жан-жақты ынтымақтастық жетілдіруді мақсат еткендерін айтты.  Әбділдаев Қырғыз Республикасы мен Иран арасында дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығында болып отырған сапардың маңызды екенін тілге тиек етті.

Министрдің айтуынша Қырғыз Республикасы Иранмен саяси, сауда-экономикалық,  мәдени және әлеуметтік салаларда ынтымақтастықпен қоса аймақтық және халықаралық тақырыптарда кездесуге дайын.

Иран Сыртқы істер министрі Зариф те қонақжайлық үшін қырғыз тарапына алғыс айтып,  осындай сапарлардың екі жақты қатынастарға қатысты тақырыптарды қолға алу үшін маңызды екенін білдірді.

Зариф Қырғыз Республикасын өздеріне «жақын» ел деп есептейтіндерін тілге тиек етті.

2016 жылы екі ел арасында сауда айналымы 14 миллион долларды құрады. «Бұл екі жақты да қанағаттандырмайды,  себебі әлеуетіміз үлкен. 2015 жылы Иранмен ортақ сауда 7 миллион доллар болатын. 2016 жылы 14 миллион долларға жетті» деді қырғыз министр.

Әбділдаев Иранды Қырғыз елінде авиация,  банк саласы,  гидро электр,  егіншілік,  азық-түлік өнеркәсібі,  қатынас,  коммуникация, сондай-ақ ғылым және технология саласына инвестиция салуға шақырды.

Айырықша министр Ирандық әріптесімен Иран-Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Түрікменстан темір жолы құрылысы тақырыбын да қарастырғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар