Астана келіссөзі кешіктірілді

Астанадағы келіссөз бүгін болмайтын болды.

672531
Астана келіссөзі кешіктірілді

Қазақстанның бас қаласы Астанада бүгін басталуы жоспарланған Сирия дағдарысына арналған екінші тур келіссөз ертеңге (бейсенбі) қалдырылды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда Түркия, Ресей және Иранның делегациялары қатысатын келіссөз бір күн кешігіп басталады.

Кешіктіру шешімі Сириялық оппозиционерлер Астанаға келе алмағандықтан қабылданды.

Сирияда алты жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғысты доғаруды мақсат еткен кепілгер елдер Түркия және Ресейдің ұсынысымен Астанада басталған бейбіт келіссөздерінің бірінші туры 23-24 қаңтар күндері болып өткен еді.



Ұқсас жаңалықтар