Дәрігерлер оқу курсынан өтті

TİKA Шымкентте медициналық семинар өткізді.

624406
Дәрігерлер оқу курсынан өтті

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысымен бірлескен жобалары аясында бастаған шеберлік сабағын аяқтады.

Оқу курсынан өткен дәрігерлерге арнайы сертификаттары табысталды.

Делегация құрамын бастап келген TİKA төрағасының орынбасары Мехмед Сурейа Эр облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, шеберлік сабағының оң нәтижелі боларына сенім білдірді. Оңтүстік Қазақстанға алғаш рет келген Мехмед Сурейа Эр аймақ басшысын 2017 жылы Түркістан қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтады.

Артынан облыс әкімі Ж.Түймебаев пен Мехмед Сурейа Эр облыстық балалар клиникалық ауруханасының халықаралық технологиялар орталығының базасында  «Ана мен бала денсаулығын сақтау» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шеберлік сабағына қатысқан 56 медицина қызметкеріне арнайы сертификаттарын табыстады.

TİKA Оқу бағдарламалары координаторы Мұстафа Хашим Полат Шымкент қаласында медицина қызметкерлеріне ана және бала денсаулығына байланысты 3 күн семинар өткізгендерін айтып: «Қазақстанның тұрғындары жас және туу көрсеткіші ең жоғары аймақ Шымкент» деді.

2-4 желтоқсан күндері аралығында Түркияның медицина саласындағы білікті дәрігерлері облыстағы 56 медицина қызметкеріне тәжірибе алмасу семинарын өткізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар