Премьер-министр Бинали Йылдырым Бакуде

Премьер-министр Бинали Йылдырым Бакуде әріптесі Артур Расизадемен бас қосты.

503856
Премьер-министр Бинали Йылдырым Бакуде

Кездесудің артынан баспасөзге ортақ мәлімдеме жасаған Йылдырым «Біздің тарихымызда басымызды жерге қарататын ешбір оқиға болмаған. Дегенмен батыстың тарихы трагедияларға толы. Олардың оқиғаларын есепке тартатын болсақ, дәптерге сыймайды» деді.

Кеше Әзірбайжанға ресми сапармен барған премьер-министр Йылдырым байланыстары аясында әріптесі Артур Расизадемен бас қосты.

Йылдырым оңаша және делегация аралық жиналыстың артынан ортақ баспасөз мәслихаты өткізді. Жиналыста Йылдырым Түркия мен Әзірбайжанға қарсы жасалған кейбір заңсыз жағдайларды да жан-жақты қолға алғандарын білдірді.

100 жыл бұрынға сүйенген негізсіз қауесеттерге тарихшылардың өзі келісе алмаған, халықаралық соттар шешім қабылдай алмаған бір тақырыпта Германия Федеральды Мәжілісінің Түркияны айыптаған бір шешім қабылдағанын еске салған Йылдырым бұл шешімнің Түркия тұрғысынан ешбір құны жоқ екені және болмайтынын атап көрсетті.

Алайда Германия сияқты бір одақтастың Еуропада әрі сауда ортағы, әрі көптеген тұрғыдан ынтымақтастық жетілген бір елдің бұл шешімді қабылдауы, Түркияны қатты өкіндіргенін атап көрсеткен Йылдырым «Мұндай бір шешімді қабылдау себебі не армян лобиясының бастамасы, не болмаса саяси қайғылар болсын бұл бір шындықты өзгерте алмайды. Біздің тарихымызда басымызды жерге қарататын ешбір оқиға болмаған. Дегенмен батыстың тарихы трагедияларға толы. Олардың оқиғаларын есепке тартатын болсақ, дәптерге сыймайды» деді.

Әзірбайжан премьер-министрі Расизаде болса Германия Мәжілісінің армян қауесеттерімен байланысты шешімі жайлы өздерін демократ атағандардың мұндай әділетсіз бір шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Расизаде 100 жыл бұрын болғаны алға тартылған оқиғаларды күн тәртіпке әкелгендер 20 жыл бұрын армяндардың әзірбайжандықтарға жасаған қырғынына үнсіз қарағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар