"Өркениеттер альянсының 7-ші Жаһандық форумы" Бакуде басталды

Ресми ашылу салтанаты ертең жүзеге асатын форумда Түркия атынан президент Режеп Тайып Ердоған өкілдік жасайды.

477708
"Өркениеттер альянсының 7-ші Жаһандық форумы" Бакуде басталды

БҰҰ Өркениеттер альянсының 7-ші Жаһандық форумы Әзірбайжанның астанасы Бакуде басталды.

Баку Конгресс орталығында «Қоғам ішінде ортақ тіршілік» ұранымен ұйымдастырылған іс-шараның алғашқы күні жастарға арналды.

Жас басшылардың бас қосуына Әзірбайжан Жастар және Спорт министрі Азад Рехимов, БҰҰ Өркениеттер альянсы жоғары өкілі Нассыр Абдүлазиз ал-Нассер, Гайдар Алиев фондының төраға орынбасары Ләйла Алиева және әртүрлі елдерден 150 жас басшы қатысты.

Форумның алғашқы күнгі отырысында бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу үшін жастардың үлесінің маңызына назар аударылды.

Үш күнге жалғасатын форумға БҰҰ-на мүше елдердің мемлекет пен үкімет басшылары, халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, өнерпаздар мен ғалымдардан тұратын шамамен 2 мың адамның қатысуы күтіледі.

Ресми ашылу салтанаты ертең жүзеге асатын форумда Түркия атынан президент Режеп Тайып Ердоған өкілдік жасайды.



Ұқсас жаңалықтар