Ердоған мен Бердімұхаммедов президенттік сарайда басқосты

Ердоған мен Бердімұхамедов кездесудің артынан бір қатар келісімге қол қойды.

246181
Ердоған мен Бердімұхаммедов президенттік сарайда басқосты

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың алғашқы аялдамасы Аныткабір болды.

Ататүріктің мавзолейіне гүл шоғын қойған Бердімұхамедов кейін Мисак-ы Милли мұнарасына өтті және Аныткабір арнайы дәптеріне қол қойды.
Құрбанқұлы Бердімұхамедов дәптерге «Түркия Республикасының алдыңғы қатарлы басшысы, түрік халқының адал баласы, ұлтының тәуелсіздік күресі үшін соғысқан Мұстафа Кемал Ататүріктің рухани құзырында оның мәртебесінің ұлылығына куә боламыз» деп жазды.
Кейін президенттің сарайда ресми рәсіммен қарсы алынған Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов президент Ердоғанмен жеке кездесті.
Аймақтық және халықаралық тақырыптар қолға алынған кездесудің артынан екі басшы бір қатар келісім-шартты бекітті.
Делегация аралық кездесуге де басшылық жасаған Ердоған мен Бердімұхамедов ортақ баспасөз жиналысы өткізді.
Президент Ердоған осында айтқан сөзінде түрік фирмаларының қазірге дейін Түрікменстанға салған инвестицияның 45 миллион доллар құнында екенін атап, мұны арттыру үшін шақыру тастады.
Қонақ президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов болса Түркиямен ынтымақтастыққа қатты көңіл бөлгендерін атап «Түрік іскерлерінің бізге қосқан үлесі зор» деді.
Екі басшының ертең Стамбұлда Түрікменстан Халықаралық инвестиция форумының ашылу рәсіміне қатысуы күтіледі.
Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың қасындағы делегация құрамында кейбір түрікмен министрлер мен экономика саласының лауазымдылары орын алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар