Путин мен Каримов Ташкентте бас қосты

Екі басшы экономикалық және мәдени салаларда бір қатар келісімдерге қол қойды.

144617
Путин мен Каримов Ташкентте бас қосты

Ресей президенті Владимир Путин өзбек әріптесі Ислам Каримовтың қонағы ретінде кеше Өзбекстанға барды.
Ташкентте бас қосқан екі басшы мемлекет аралық ынтымақтастықты жетілдіру және Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін қолға алды.
Ресей үшін Өзбекістанның сауда ортақтары арасында алғашқы орында екенін атап көрсеткен Путин соңғы 5 жылда Өзбекстанға салынған орыс инвестицияларының 6 миллиард доллардан асқанын мәлімдеді.
Орталық Азиядағы Ауғанстаннан туындаған қауіпсіздік мәселелеріне назар аударған Каримов болса, екі ел арасында қауіпсіздік тақырыбында байланыстың үздіксіз жалғасу керектігін баса айтты.
Путин мен Каримов кездесудің артынан экономикалық және мәдени ынтымақтастық жайлы келісімдерге қол қойды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар