Қытайда әскери оқу-жаттығу

ШЫҰ-на мүше елдердің «Бейбітшілік миссиясы 2014» жаттығуы Ішкі Моңғолстан автономдық аймағында өтеді.

90049
Қытайда әскери оқу-жаттығу

Шинхуа ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің әскери жасақтары Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолстан аймағында 24-29 тамыз күндері арасында террормен күрес жаттығуынан өтеді.


Жаттығуға Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікістаннан 7 мың адамдық әскери жасақ қатысады.


Оқу-жаттығудың мақсаты – жасақтардың нығайтылуы, қорғаныс, аймақтық қауіп және террормен күрес сынды салаларда ықпалдастықты арттыру.


Қытай мен Ресейдан 1500 әскердің қатысуымен Бейбітшілік миссиясы 2013 өткен жылы Ресейде өткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар