Чамды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады

Түрік әлемінен жаңалықтар-52

878576
Чамды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады

 

Бағдарламамызды Өзбекстанмен байланысты  хабармен бастайық.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА төрағасы Сердар Чамды қабылдады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қазан айында Түркияға жасаған сапарының екі ел арасындағы қарым-қатынасын стратегиялық ортақтық деңгейіне көтергенін білдірді.

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА төрағасы Сердар Чам ресми сапармен Өзбекстанға барды. Чамды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады.

Өзбекстан президенттік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесуде Мирзиеев қазан айында Түркияға жасаған сапарының екі ел қарым-қатынастарын стратегиялық ортақтық деңгейге көтергенін айтты.

ТИКА-ның мемлекеттегі жұмыстарының тіпті де кеңейтілуінің маңыздылығына тоқталған кездесуде осы таңға дейін ТИКА тарапынан жиыны 23,6 миллион долларлық 700-ге тарта жобаның жүзеге асырылғаны еске салынды.

ТИКА-ның Өзбекстандағы жұмыстарының белгілі жобалар барысында және жүйелі түрде дамытылуы керектігіне назар аударылған кездесуде «жол картасының» ең қысқа уақыт ішінде дайындалып, экономика, мәдениет, білім беру, денсаулық, қоршаған орта, туризм және әлеуметтік салаларда жүргізілген жобалардың арттырылуы тақырыбында бірдей көзқараста болғаны білдірілді.

ТИКА төрағасы Чам да Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырымның сәлемін Мирзиеевке жеткізді.

Мирзиеевтің ұсыныстарын қолдағанын баяндаған Чам түрік тарапының осы тақырыпта қажетті жұмыстарды істеп, осы ұсыныстарды қысқа уақыт ішінде іске қосуға дайын екенін айтты.

 Кездесуге ТИКА Ташкент бағдарламасы координаторы Али Ихсан Чаглар да қатысты.

ТИКА төрағасы Сердар Чам және оның басшылығындағы делегация сапар аясында премьер-министр орынбасары және қаржы министрі Жамшид Қошқаров пен премьер-министр орынбасары Шухраб Қалмұрадовпен де кездесті.

Енді бағдарламамызды Гиресуннан келген бір хабармен жалғастырамыз. Хабардың тақырыбы «Түркия-Түркі әлемінің тірегі» деп аталады.

Гиресун Университеті Халықаралық мәдениет және өнер қауымдастығы Қазақстанның тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай шара ұйымдастырды. Бұл іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы қатысты.

Елші Абзал Сапарбекұлы «Түркия-түркі әлемі және осы территориядағы ең маңызды ел,  бәлкім түркі әлемінің тірегі» деді.

Қазақстан елшісі тәуелсіздік күнінің әрі қазақтар,  әрі түріктер үшін өте мәнді күн екенін айтты. Осыдан 26 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанын еске салған Сапарбекұлы артынан екі сағаттан кейін марқұм президент Тургут Өзалдың Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон шалып,  Түркияның Қазақстанның тәуелсіздігін танығанын айтқанын білдірді.

Сапарбекұлы осы мағыналы да мәнді күнде қуанышты бөліскен түрік халқына және шараны ұйымдастырған Гиресун Университетіне алғыс айтып былай деді: «Мен де сіздер секілді студент болдым. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелге оқуға жіберілген алғашқы студенттердің бірімін. Тағдырым деп ойлаймын. Қазақстанда да оқуыма болар еді.  Басқа бір елде де.  Бірақ Түркияға келгеніме қуанамын. Әлемде түркілер ретінде тек біз емес,  80 миллион түрік бауырластар бар екенін көрдім.  Шымыменен бауырластық сезімін сезіндім».

Қазақстанның Түркияның қуанышын да, қайғысын да бөліскенін тілге тиек еткен өкілетті елші: «Президентіміз  де 15 шілде опасыз төңкеріс бастамасы болғаннан кейін Түркияға бірінші болып келген лидер болды.  Ол сол сапарында не деп айтқан болатын: «Түркияның жауы-біздің де жауымыз» деді.

Сапарбекұлы мұның тек сөз ғана емес,  жүректердегі сезім екенін атап көрсетті. «Түркия-түркі әлемі және осы территориядағы ең маңызды ел,  бәлкім түркі әлемінің тірегі.  Түркия мықты болса,  түркі әлемі де мықты болады.  Негізінде біз тек дос емес,  құдай  бауырлас  қып жаратқан елдерміз» деді ол.

Гиресун Университетінің ректоры Проф. Джевдет Джошкун да Қазақстанның президент Ердоғанның сөзімен «Түрік әлемінің ақсақалы, данышпан Нұрсұлтан Назарбаевтың лидерлігінде Азияның жарқыраған жұлдызына айналғанын» айтты.

Университетте өткен осы шарада баяндамалардан кейін түрік және қазақ билері биленіп,  әндері шырқалды.

Бағдарламамызды Қырғызстаннан келген бір хабармен аяқтаймыз.

Хабардың тақырыбы ««Месневи қырғыз тіліне аударылды» деп аталады.

Кония қалалық муниципалитеті тарапынан Әзірет Мәулананың әлемге танымал туындысы «Месневи» қырғыз тіліне аударылды.

Қалалық муниципалитет төрағасы Тахир Акюрек жыл сайын миллиондаған адамның ілім мен хикмет іздеу үшін Конияға Мәуланаға келетінін айтты.

Мәулананың ең маңызды туындысының әлемде танымал болып, оқынуы үшін аударма жұмыстарын жалғастырғандарын білдірген Акюрек Месневиді қырғыз тілінде басып шығарғандарын атап айтты.

Осылайша атақты туынды 26 тілге аударылды. «Әзірет Мәулананың теңдесі жоқ шығармасы Месневиді 50 тілге аудару – біздің мақсатымыз. Месневиді таныстыруға үлес қосуды жалғастырамыз» деді ол.

Бүкіл әлемде болғаны секілді Қырғызстанда да үлкен қызығушылық оятқан туындының алғашқы үш томын Барчынай Кимсанова, қалған үш томын Ермамат Ергешов аударды.

Кония қалалық муниципалитеті осы шығарманы қазірге дейін парсша түпнұсқасымен бірге түрік,  араб,  ағылшын,  неміс тілдері,  Швеция тілі,  италиан,  урду,  француз, жапон, албан,  испан,  түрікмен,  тәжік, қытай, қазақ,  өзбек,  фламенк,  грек,  малай, орыс  тілдері,  Әзірбайжан тілі,  босния тілі,  күрд және свахили тілдерінде басып шығарды.



Ұқсас жаңалықтар