Қазақстанда ТҮРІКСОЙ тұрақты кеңесінің 35-ші кезекті жиналысы

Түрік әлемінен жаңалықтар-50

868448
Қазақстанда ТҮРІКСОЙ тұрақты кеңесінің 35-ші кезекті жиналысы

 

 

Бағдарламамызды ТҮРІКСОЙ-мен байланысты  хабармен бастайық.

Бірінші хабарымыздың тақырыбы «Қазақстанда ТҮРІКСОЙ тұрақты кеңесінің 35-ші кезекті жиналысы» деп аталады.

ТҮРІКСОЙ 2018 жылын әзірбайжандық композитор Кара Абульфаз оглы Караев, қазақ ақыны Жамбыл Жабаев және қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовты «Еске алу» жылы  деп жариялады.

Қазақстанда ұйымдастырылған ТҮРІКСОЙ тұрақты  кеңесінің 35-ші кезекті жиналысы қорытынды хаттамасында Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстанның ұсынысы бойынша әзірбайжандық композитор Кара Абульфаз оглы Караев, қазақ ақыны Жамбыл Жабаев және қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовты «Еске алу» жылы  деп жариялау шешімін жасады.

Хаттамада Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесі және Түркі тілдерінде сөйлесетін аймақтардың парламентік Ассамблеясы сынды бауырлас ұйымдардың мамандарының бас қосып, жұмыс тобының құрылуы және аталмыш топтың дайындық өзгерістерінің бұдан кейінгі тұрақты кеңес жиналысында қол қойылуы жазылды.

ТҮРІКСОЙ 2018 жұмыс рапорты да бекітілген жиналыста ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшылық міндетіне Дүйсен Қасейінов басым көп дауыспен 2017-2020 мерзімі үшін  қайтадан сайланды.

Жиналыста Кастамону 2018 жылдың Түрік әлемі Мәдениет астанасы болып сайланса, бұдан кейінгі ТҮРІКСОЙ тұрақты кеңесінің 36-ші кезекті жиналысының Кастамонуда өткізілуіне шешім жасады.

Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедіұлының басшылығында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткізілген жиналысқа ТҮРІКСОЙ ұйымның Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ТР Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хүсейін Яйман, Қырғызстан Мәдениет, информация және туризм министрі Сұлтан Жұмағалиев, Түркітілдес елдері ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары Өмер Кожаман, Әзірбайжан депутаты Низами Жеферов, Түрікменстан Мәдениет министрі орынбасары Нұрсахет Ширимов, Молдова Мәдениет және туризм басқармасы төрағасы Марина Семинова қатысты.

Ендігі хабарымыз Түркия жайлы.

Түрік ошақтары қоғамы Бурса бөлімшесі Улудаг Университетімен арадағы үш жылдық ынтымақтастығын жалғастыруда. Түрік ошақтары мен Улудаг Университі «Әр жылы бір түрік тұлғасы» атты симпозиумының төртіншісін ұйымдастырды. 2014 жылы ұлы ойшыл Исмаил Гаспыралы, 2015 жылы әйгілі тарихшы профессор Халил Иналжык, 2016 жылы ұлы ақын Шехрияр Мусаев тақырыпты симпозиумдар ұйымдастырылды. Биылғы симпозиумда Түркі әлемінің әйгілі жазушысы, әдебиетші, журналист, аудармашы, дипломат және саясат қайраткері Шыңғыс Айтматов еске алынды.

Симпозиумнің ашылуына Улудаг Университеті ректоры Юсуф Ұлчай, Шыңғыс Айтматовтың ұлы және Қырғызстан бұрынғы сыртқы істер министрі Асқар Айтматов пен Қырғызстан Стамбул бас консулы Еркін Сопоров, Түрік ошақтары Бурса бөлімшесі басшысы профессор Селжук Кырлы және қоғам басқару алқасы мүшесі Айше Фили Яуыз қатысты.

Симпозиумнің ашылуында сөз сөйлеген Шыңғыс Айтматовтың ұлы Асқар Айтматов Бурсаға және Улудаг Университетіне тұңғыш рет келгенін, сондай-ақ симпозиумнің ерекше бір мәні болғанын білдірді.

Асқар Айтматов «Әйгілі Улудаг Университеті туралы көптеген мағлұмат білемін. Бүгін өз көзіммен көрдім. Симпозиумнің ұйымдастырылуына үлес қосқан баршаға және барлық оқытушылар мен ғалымдарға алғыс айтамын. 2018 жылы әкемнің екі жылдығы бірге болады. Біріншісі әкемнің дүниеге келгенінің 90 жылдығы. Екіншісі болса әкемнің дүниеден озғанының 10 жылдығы. Сондықтан симпозиумнің бүгін өткізілуі өте орынды. Симпозиум алдымыздағы Айтматов жылының бастамасы болады» деді.

Қырғыз халқының әлемге әйгілі, кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармалары тұнып тұрған классикалық прозаның үлгісі. Қырғыз географиясынан барша әлем әдебиетіне үн қатқан кезде ұлттық бояуды сақтай отырып, жаһандық бола алған және барша әлемнің ұлы тұлғасына айналған Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» әңгімесін француз ақын Луи Арагон «әлемнің ең керемет махаббат әңгімесі» деп жоғары бағалаған.

Еске сала кетейік, Шыңғыс Айтматов 2008 жылы маусымның 10-ында Алманияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада ем алып жатқанда қайтыс болды. 14 маусымда Бішкек қаласының шетіндегі «Ата-Бейит» тарихи-мемориалдық кешенінде жерленген. Ұлы жазушы кейінгі ұрпақтарға өшпес еңбек тастап кетті.

Бағдарламамызды Өзбекстанмен аяқтаймыз.

Түркиядан келген турист санын арттыруды және мемлекет туризмін дамытуды көздеген Өзбекстан қатал виза саясатын жеңілдетіп, түрік азаматтарына виза жеңілдігін жасайды.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев арасындағы кездесуден кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамытылуы мақсат етілген жұмыстар басталды.

Өзбекстан Туризм дамуы мемлекеттік комитеті төрағасы Азиз Абдулхакимов, Самарқанд провинциясы губернаторы Туробжон Жураев, Өзбекстан әуе жолдары бас директор орынбасары Умижжон Кусанов, Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Самарқанд консульдық қызметі төрағасы Зафер Мұқтаров, Түркияның Ташкент елшілігі туризм кеңесшісі Жесим Челеби және түрік пен өзбек журналисттері Самарқандта бас қосты.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Самарқанд консульдық қызметі төрағасы Зафер Мұқтаров бұл жерде жасаған мәлімдемесінде екі елдің үлкен әлеуетінің болғанына сенгенін білдіріп, виза өтініштеріне үш күн ішінде жауап беретіндерін баяндады.

«Виза қызметтері тіпті жеңіл болады» деген Мұқтаров бір журналисттің виза бағасының қымбат деп айтуына орай бағаны төмендету үшін жұмыстардың басталғанын білдірді.

Өзбекстан әуе жолдарының Стамбулға күн сайынрейстері бар. Түрік әуе жолдары да мамыр айынан бастап Самарқандқа рейстерін бастайды.

 



Ұқсас жаңалықтар