Қырғызстанда президентітк сайлау болып өтті

Түрік әлемінен жаңалықтар-43

835645
Қырғызстанда президентітк сайлау болып өтті

 

Бағдарламамызды Қырғызстаннан  келген бір хабармен бастайық.

15 қазан күні Қырғызстан Республикасында президенттік сайлауы болып өтті. Үміткерлер сайлауда додаға түсті. Президент болу үшін 11 үміткер жарысты. Сайлау додасында екі саясатшы мықтылар тізімінде орын алды. Бұлардың біреуі премьер-министр міндетін атқарып келген Социал-демократиялық партияның үміткері Сооронбай Жээнбеков.

Жасалған зерттеу бойынша екінші күшті үміткер Өмірбек Бабанов болды. Қырғызстан парламент депутаты, Республика партиясының лидері Өмірбек Бабанов алдыңғы кезеңде де премьер-министрлік міндетін атқарған еді. Қырғызстан орталық сайлау комитеті тарапынан жарияланған көрсеткіш бойынша Социал-демократиялық партияның үміткері Сооронбай Жээнбеков дауыстың 54.75 пайызын алып сайлаудың жеңімпазы болды. Екінші орынды Республика партиясының лидері Өмірбек Бабанов иеледі.

Қырғызстан орталық сайлау комитеті дауыс санақтың автоматикалық жүйе арқылы жасалғанын білдірді. Қырғызстан үкіметі де сайлаудың соңғы нәтижелерінің осы апта ішінде белгілі болатынын жариялады.

Қырғызстан орталық сайлау комитетінің төрайымы Нұржан Шайлдабекова сандықтың барлығының ашылғанын білдіріп «15 қазан президенттік сайлауы додасында 55,93 пайыз дауыс қолданылды. Қырғызстан орталық сайлау комитетінің заңы бойынша 20 күн ішінде президенттік сайлауының ресми қорытындысы жарияланады» деді.

Ендігі хабарымыз Өзбекстан жайлы.

Өзбекстан мен Әзірбайжан Дін істері комитеті тарапынан бірлесе отырып ұйымдастырылған «Өзбекстан-Әзірбайжан үлгісінде Исламдық селбесуі» атты халықаралық конференция астана Ташкентте болып өтті.

Конференцияға Ресей, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Түркиядан көптеген басшы, зиялы қауым өкілдері және ғалымдар қатысты.

Конференцияның ашылу рәсіміне Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, Әзірбайжан Дін істері комитеті төрағасы Мүбариз Құрбанлы, Өзбекстан Дін істері комитеті төрағасы Артык Юсупов қатысты. Конференцияның басталуына орай Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Әзірбайжан Президенті Илхам Алиев жеделхаттар жолдады.

Конференцияда сөз сөйлеген Әзірбайжан Кавказ Мұсылмандары басқармасы төрағасы Аллахшүкүр Пашазаде 2017 жылының «Исламдық селбесу жылы» ретінде жарияланғанын меңзеп, осы аяда әлемнің көптеген елінде іс-шаралар ұйымдастырғанын білдірді.

Конференцияның екі ел арасындағы ғылыми, мәдени және гуманитарлық қарым-қатынастардың жоғарғы деңгейге шығарылуына үлес қосуды үміт еткенін меңзеген Пашазаде осы екі ұлттың ортақ тарих пен құндылыққа ие бауырлас халық екенін баяндады.

Өзінің жастық шағының Бухара, Самарқант және Ташкент қалаларында өткенін және осы жерлерде діни білім алғанын, ғалым және ғұлама деңгейге жетуінде өзбек халқының, сонымен қатар дін ғалымдарының үлесінің көп екенін баяндаған Пашазаде сондықтан Өзбекстанның өзінің рухани отаны болғанын айтты.

Өзбекстан Мұсылмандары дін істері басқармасы төрағасы Османхан Алимов та Өзбекстан мен Әзірбайжан достығының, екі халық арасындағы бауырластық байланысының көне тарихқа барып тірелгенін, өзара сенімге негізделген қарым-қатынастардың бұдан кейін де дамитынына сенгенін атап өтті.

Ислам тарих, көркемөнер және мәдениет зерттеу орталығы бас директоры Халит Ерен  2017 жылының «Исламдық селбесу жылы» болуына орай осындай конференцияның бірінің өткен ай Стамбулда ұйымдастырылғанын түсіндірді.

Конференцияда баяндама жасаған Түркия Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш Ислам мәдениеті мен өркениетінде ерекше орны болған, тарих бойынша талай ғұлама жетілдірген осы қасиетті территорияда болғаны үшін өзінің бақытты сезінгенін мәлімдеді.

Бағдарламамызды Оңтүстік Кореядан келген бір хабармен  аяқтаймыз.

Оңтүстік Кореяның Yecheon қаласында ұйымдастырылған 3-ші Әлем дәстүрлі садақ ату фестивалінде Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой мен Әлем дәстүрлі садақ ату ұйымы арасында ынтымақтастық келісімі жасалды.

Түріксой құрметті қонақ ретінде шақырылған фестивальде 20-дан астам елден садақ атуда мықты спортшылар қатысты. Фестивальге Түркия атынан Садақ ату қоры мен Тирендаз қоғамының өкілдері қатысты. Фестивальде Қырғызстан, Монғолия, Индонезия, Франция, Германия және басқа елдерден келген садақшылар өнер көрсетті. Осы барыста бірқатар симпозиум ұйымдастырылды.

Түріксой мен Әлем дәстүрлі садақ ату ұйымы арасындағы ынтымақтастық хаттама рәсімінде сөз сөйлеген Түріксой Бас хатшысының орынбасары Профессор Фырат Пурташ дәстүрлі бір спорт саласы ретінде садақ атудың Еуразияның түрлі аймақтарында өмір сүрген түркі тілдес халықтары үшін де өте көне мұра болғанын айтты. Пурташ Түркі тілдес халықтары арасында тойланған Наурыз, Хыдыреллез, Сабантой сынды дәстүрлі мерекелерде балуан, атты спорт ойындары, садақ ату жарыстары және тағы басқа ұлттық спорт ойындарының талай ғасырдан бері жалғасып келгенін түсіндірді. Пурташ осы таңда да Түріксой мүшесі елдерде түрлі фестиваль мен жарыстарда садақ атудың маңызды бір сала екенін атап өтті.

Фестивальдің керемет дайындалуы және көрсеткен қонақжайлылығы үшін  Yecheon қала әкімі және Фестиваль комитеті төрағаларына алғыс айтқан Пурташ қысқа уақыт ішінде Yecheon-ның маркаға айналған Әлем дәстүрлі садақ ату фестивалін, дәстүрлі спорт салалары арқылы мәдениеттерді және қауымдарды бір-біріне жақындастырған бір бейбіт әрекеті ретінде қарағандарын баяндады. 



Ұқсас жаңалықтар