Түрік әдет ғұрыптары 52

Түрік мәдениетінде қонақ күту салты.

158813
Түрік әдет ғұрыптары 52

Тарих бойы түріктер қонақты әрқашан қатты құрметтеген. Түріктердің қонақжайлығы, қонақты құрметтеуі, берген сый-сияпаты ең маңызды ерекшеліктері деп саналады. Түріктердің тұрмысында Ислам діни қабылданған соң қонаққа деген құрмет одан да артып, Алланың аманаты ретінде қаралған. Әзірет Мұхаммедтің қонағына көрсеткен құрметі мен қонақ тақырыбындағы насихаттары адамдарды қонаққа қарсы жақсы қылық көрсетуге, ілтипат пен құрметтеуге ынталандырған. Қонақ тақырыбындағы хадистер қонақ пен қонақ иесінің арасындағы қарым-қатынастарды, әңгімелесуді және құрметтеуді күшейткен. «Қонақ күтпейтін адамда ешқандай қайырымдылық болмайды. Алла момынның бауырына қонаққа барғанын жақсы көреді. Сізге бір қонақ келген кезде оған сый-сияпат көрсетіңіз» сияқты хадистер қонақтың Алланың құзыретіндегі маңызын, Алланың қонақ күткендей, қонаққа барғандарды да жақсы көргенін түсіндіреді.
* * *
Қонақжайлықтың игілігі мен жоғары мәртебеcі бір хадисте былай түсіндіріледі. «Алла Тағала бір үйге қонақ жібергісі келсе, алдымен сол үйге бір періштені ақ түсті бір құстың бейнесінде жібереді. Періште сол үйдің есігінде күтіп, үй тұрғындарына сәлем береді. Жәбірейіл (ғ.с) осыны көрген соң періштеден сұрайды ‘Сенің бұл үйдің иесімен не шаруаң бар?’ Періште болса «Мені осы жерге әлбетте Алла жіберді. Үйдің иесіне сәлем жолдап, ‘саған қонақ келеді’ деп бұйырды. Бұл оған Алла Тағаланың жұмақтан жіберген 40 күндік берекесі». Жәбірейіл (ғ.с.) құстың сипатында періштені үйге кіргізеді. Осы құстың тұмсығында кішкентай бір қағаз болады. Жәбірейіл (ғ.с.) «Ал бұл не екен?» деп сұрайды. Періште болса «бұл қағаз Алла Тағаланың осы үй тұрғындары үшін жазған тозақтың алауынан құтылу актісі» деп жауап қайтарады. Сондықтан түріктер үшін қонақ Алла жолдаған бір аманат болып табылады. Қонақ күту - орындауға тиісті маңызды бір міндет. Ибрахим пайғамбардың қаншама күн қонақ күткені, қонақ келмейінше тамақ ішпегені жайлы әңгіме Анатолыда кең тараған.
Үйге келген қонаққа ас ұсыну, қызмет ету, оны аш қалдырмау және рахаттандыру Алла Тағала ұнатқан жақсы бір қылық. Сондай-ақ қонақ ең әдемі киімдерді киіп қарсы алынады. Әзірет Мұхаммед өзіне бір делегация келгенде ең керемет киімдерімен қарсы алып, сахабаларына да осыны насихаттаған.
Түріктер үйлерінде күткен қонақтан басқа ұзақ қашықтыққа сапарға шыққандарды да ұмытпаған, жолдың үстінде керуенсарай деп аталған, жолдан өтіп бара жатқандар қысқа уақытқа тегін қонғандары, тамақтанатын орындар салғызған. Керуенсарайлар тұңғыш рет 10-шы ғасырдың соңына қарай Селшұқты хандары тарапынан Орталық Азияда салғызған. Жолаушылар осы мекендерде ыстық тамақ ішіп, жылынған, ұйықтап дем алған. Тіпті керуенсарайларда жолаушылардың көліктері үшін де арнайы жайлар болған. Оларды да бағып жемдеген. Керуенсарайларда көптеген қызмет тегін көрсетілген. Керуен сарайларда қону мен қызмет ету тақырыбында ешбір дін, тіл, нәсіл айырмашылығы жасамаған.
Қонақтың келуінде қонақ иесі үшін береке мен қайырымдылық болады. Анатолы халқы қонақтың ырысымен келгеніне сенеді. Түріктер үйлеріне келгенді «Құдайы қонақ» ретінде қабылдаған. Қонақ алдын ала келетінін хабарласа да, хабарламаса да қонақты мүмкіндігінше жақсы қарсы алып, күтеді. Ауылдардағы «ауыл үйлері» қонаққа деген құрметтің, сый-сияпаттың бір көрінісі ретінде жалғасқан және қазір де жалғасуда. Анатолыда қонақпен байланысты көптеген наным мен ғұрыптар бар. Мысалы Анатолы халқы үйіне келген қонаққа «қарындарың аш па?» деп ешқашан сұрамайды. Осы сұрақты қою ұят және құрметсіздік ретінде қабылданады. Қонақтың тамақтанбағанын білу үшін қонақ иесі қолданған әдістер бар. Үйге келген қонаққа тез арада түрік кофесі пісіріп, қасында суымен ұсынады. Егер келген қонақ өзіне ұсынылған суды кофеден бұрын ішсе қарны аш, ал кофені судан бұрын ішсе, онда қарны тоқ деген мағынаға келеді. Кофенің қасында ұсынылған судың әртүрлі себептермен ұсынылғаны түсіндіріледі. Ұсынылған кофенің алдында қонақ су ішіп ауызын қалған дәмдерден тазаласын және түрік кофесінің керемет дәмін сезінсін, кофені ішкен соң болса кофенің өзегі ауызда қалдырған ащы дәмді азайтсын деп кофенің қасында суды ұсынады.
Үйдің иесі келген қонағына тамақ ұсынуда асығып отырады. Қонақты тамақ ұсынғанда күткізбейді. Анатолының ең белгілі қонақ күту дәстүрі болса ұсынған тамақтарды ішкізгенде табандылық көрсету. Қонақ қаншама тойғанын айтса да, үйдің иесі тамақ ұсынудағы табандылығын көрсетуді жалғастырады.
Анатолы тұрғыны әрқашан қонаққа күлімсіреп, жылы сөйлейді. Қонақты ренжіту, өкіндірудің күнә екенін ойлап, ол ренжімесін деген түсінікпен қонақтың қасында балаларына да қатты сөйлемейді, екпінді дауыспен сөйлеспейді.
Қонақты күту сияқты шығарып салу да маңызды. Үйдегі адамдар қонақты есікке дейін шығарып салады. «Қайта келіңдер, күтеміз» деген сөздер айтылады. Бұрын қонақтар аяқкиімдерін есікте шешіп ішке кіргенде үйдің иесі аяқ киімдердің ұшы сыртқа емес, керісінше ішке қаратып қоятын. Аяқкиімдерді осындай қою «Біз сіздің қонақ болғаныңызға ризамыз. Үйімізге қайта келіңіз» деген мағынаға келеді екен. Аяқ киімдердің ұшын сыртқа қаратудың мағынасы да «кет, қайтып келме!» деген мағынаға келеді. Сондай-ақ қонақтар аяқкиімдерінің ұшын бір-біріне қаратып қойғаны себепті аяқкиімдерін киіп жатқанда, үй иесімен қайта қоштасып, соңғы рет «құдайға тапсырдым» деп разылық білдіреді.
Қонаққа баруды, қонақ шақыруды және қонақты құрметтеуді ұмытпауымыз керек. Осы керемет әдеттерімізді жалғастыру үшін күш жұмсауымыз керек. Достарымызға сый-сияпат көрсеткен кезде тұрмысымыздың бір мағынасы болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар