Түрік әдет-ғұрыптары 42

Түрік мәдениетінде таспен байланысты наным мен ғұрыптар.

159746
Түрік әдет-ғұрыптары 42

Орталық Азиядан бастап, барлық мәдениеттердегі сияқты түрік мәдениетінде де кейбір тастармен байланысты нанымдар болған.

Ұлттардың мифологиялық тақырыптарына және хақ діндерден бұрынғы нанымдарында тастар қорғаушы рухтардың, діни және киелі күштердің орны болып табылған. Әртүрлі құрылым мен ерекшеліктер себепті кейбір тастар өнімділік пен киелі күштің орталығы ретінде саналған. Табиғатта болған әр нәрсе сияқты тастардың да бір рухы және күші болғанына сенген. Осы тастар шипа іздеу, аурулардан сақтану, жаңбыр жауғызу, найзағайдан сақтану, қара сиқыр жасау және қауіптен сақтану, шөлді қандыру сияқты функциялармен қолданылған. Таспен байланысты наным мен ғұрыптардың арғы жағында адамзаттың тіршілігі бойынша қол жеткізуге тырысқан денсаулық сақтау, тыныштық, бақыт, молшылық, береке, шипа табу, жамандықтан сақтану тілегі бар.
* * *
Халықтың мәдениетінде тасқа қатысты нанымдар мен жұмыстардың әртүрлі екені байқалады. Осылардың барлығында тас бірінші немесе екінші дәрежеде маңызды рол атқарған. Халық жаңбыр жаудыру, аурулардан сақтану, шипа іздеу, бәле мен қиыншылықтардан құтылу мақсатты әртүрлі ереже мен түрдегі тастарды пайдалануға тырысқан.
Түркілерде тастарға қатысты нанымдардың алғашқы белгісі Орталық Азиядағы бұрынғы түрік нанымдарына барып тіреледі. Киелі болып қабылданған тастардың басында «Яда» немесе «яд» деп аталған және сиқырлы екеніне сенген тас маңызды болып табылады. Орталық Азиядағы түркі тайпалары арасында кең тараған осы нанымға қарағанда бұл тасты тәңірдің сыйлығы деп қабылдаған. Түріктер осы тас арқылы қалаған кездерінде қар және жаңбыр жауғызып, боран туғыза алған. Осы тасты қолданып жаңбыр жауғызған кісілерді болса «ядаджы» деп атаған. Сиқырлы күшке ие болғаны себепті әр дәуірдің түрік қолбасшыларының қолында осы тас болған. Түркі тайпаларында яда тасымен жаңбырды шақыру мерәсімдері көне дәуірлерге сүйенеді. Кімнің қасында осы тас болса, оған жай түспейтініне сенетін. Осы тасты ауызында ұстаған адамдардың шөлін қандырғаны сыналған.
Киелі тастар Анатолының кезкелген жерінде алдымызға шыға келеді. Бір аңыз, мифологиялық бір әңгіме, бір ғажап және барлық осыларды толықтыратын бір ғұрыппен ортаға шыққан және жалғасқан тас мәдениеті топтық сананың да әсерімен ұрпақтан ұрпаққа ұласқан.
Мифологиялық әңгімелерге қарағанда әсіресе тесігі бар тастар жаңадан туылу және көбеюдің символы болған. Осы себепті адамдар тесігі бар тас пен жартастарға әсіресе бедеу әйелдердің бала табуы, баласы өлгендердің кейінгі балаларының өмір сүруі, қозыламаған малдың қозылауы және әртүрлі ауруға шалдыққан науқастардың сауығуы үшін қолданылған.
Хажы Бекташ Уәли сопылық мектебіне жақын бір төбеде және Алеви-Бекташилері тарапынан киелі деп қабылданған бір үңгірдің биік жерінде бір адам сыятындай бір тесік бар. Осы жерді халық Чилехане (адам жалғыз өзі азап шеккен жер) немесе Деликлиташ (тесігі бар тас) деп атаған. Алеви-Бекташилерінің кең тараған нанымы бойынша күнәлары көп адамдар қаншама шапшаң және арық болса да, осы тесіктен өте алмайды. Осы наным Орталық Азия мен Балканда да кең тараған. Анатолының кейбір аймақтарында да ортасы тесік бір тас тауып мойынына іліп жүрсе, сол адамға көз тимеген. Осы тасты үйдің қабырғасына ілген жағдайда да әрі үй, әрі үйде өмір сүргендерді тіл-көзден сақтаған.
Әртүрлі киелі орындарда тілек тілеп, көрсетілген жерлерге жабыстырған «тілек тастары» да осы киелі тастардың бірі деп саналады. Егер тас жабысатын болса тілектің қабыл болатынына, жабыспаған жағдайда қабылданбайтынына сенеді. Киелі орындардағы «шипалы тастар» да тастың киелігінің көрсеткіші. Дененің ауырған жеріне таспен сипап, шипа тілейді. Кейбір тастардың ауруларды жазғанына байланысты нанымдар кең тараған. Анатолының көптеген жерінде осы нанымға мысал келтіруге болады. Мысалы Адыяман қаласындағы Мензилде Немрут тауына көтерілген жерде үлкен бір тас бар. Осы тастың қасында ноқыт үлкендігінде кіші тастар назар аударады. Халық осы тастарды үлкен жартас өндірді деп сенеді. Зияратшылар осы тасты жинап, таза ауыз суының ішіне қояды және бұл суды үй тұрғындарының барлығы ішеді. Тастың көптеген ауруды емдегені айтылады. Анатолының көптеген аймағында ара шаққан кезде, іш ауырғанда және денеге соққы келгенде, жылытылған, ыстық бір тасты ауырған жеріне қойып, қысқа уақыт сол жерде ұстайды. Мұның емделуге көмектескені алға тартылады..
Диярбакыр қаласының Лидже ауданында болса салбен ауырғандарға пайдалы деп айтылған бір тас бар. Осы тас сал ауруына шалдыққандар үшін қолданылады. Тасты паралич болған жеріне сипаған науқастар осы арқылы емделгенін айтады. Хасанкейфтегі Шейх Севинч мавзолейіндегі тастарды шипа ниетімен қол және аяқтарына тигізеді. Анатолыда шипа екеніне сенген көптеген тас бар. Анатолының кейбір аймақтарында жаңбыр дұғасы оқып жатқанда, қырық бір тасқа дұға оқылып суға тастау дәстүрі Орталық Азиядағы яда тасымен байланысты нанымдардың жалғасы болып табылады.
Анатолыда кейбір жартастар мен тастар түрлерімен адамға және жануарға ұқсайды. Тас пен жартастардың осы көріністері көбінесе киелі бір зат немесе тұлғаға қарсы жасалған құрметсіздік нәтижесінде тәңірдің қаһарын алған бір адам немесе жануарға байланысты аңызбен түсіндіріледі. Тасқа айналумен байланысты аңыздар түркі әлемінде кең тараған.
Қазіргі заманға дейін тек қана түркі мәдениетінде емес, көптеген мәдениетте ақық тас, күлгінтаc, нефрит (көкшіл түсті минерал), лағыл сияқты кейбір тастардың рухани және физикалық ауруларды емдегені туралы нанымдар кең тараған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар