Түрік әдет-ғұрыптары 38

Түріктерде Ай, Күн, найзағай, жаңбыр және кемпірқосақпен байланысты нанымдар

129465
Түрік әдет-ғұрыптары 38

Орталық Азиядан Анатолыға Ай, Күн, найзағай, жаңбыр және кемпірқосақпен байланысты көптеген нанымдар мен ғұрыптар келген. Бұрынғы түрік нанымдарында Күн әйелдің, Ай еркектің; Күн ананың, Ай әкенің; Күн жылудың, Ай салқынның; Күн оңтүстіктің, Ай солтүстіктің символы болған. Бұрынғы түрік нанымдарында Күн, Ай және жұлдыздарға деген құрметтің түріктердің күнделікті тіршілігіне қатты әсер еткенін байқаймыз. Мысалы ғұндар бір жұмыс бастар кезде Күн мен Айдың жағдайына қараған және жұлдыздардың жағдайларын жорамалдап, маңызды шешімдерін қабылдаған.
* * *
Анатолыда да халық арасында Күнмен байланысты көптеген наным бар. Түрік мифологиясына сүйенген бір нанымға қарағанда Тәңір Айды еркек, Күнді қыз қып жаратқан. Айға түнде, Күнге күндіз қыдыруды бұйырған екен. Қыз жүзін күндіз көрсетуге ұялғаны себепті Тәңір оның жүзіне алақандай бір ине лақтырған. Күндегі дақтардың себебін осы деседі. Ай болса осыған күлген екен. Толған айдың күлімсіреген көрінісінің себебі де осы екен. Айдың үстіндегі дақтар болса халық арасында былай түсіндіріледі: Бір күні Ай Күнге тиіскісі келген. Күн сол кезде қамыр илеп отырған. Күн Айдың осы ұстанымына қатты ашуланғанымен Айдың бетін қамырға былғаған қолымен ұрып жіберген және саусақтарының ізі Айдың жүзінде дақ болып қалған.
Аймен байланысты нанымдардың кейбіреулері болса мынадай: Ай жаңа көтерілетін кезде шешелер балаларына «Жаңа Айды алдымен кім көреді екен?» деп сұрайды. Балалар жаңа Айды көру үшін күн сайын кешкі уақытта аспанға қарайды. Егер жаңа Айды алдымен қыз бала көрсе, бір ай бойынша сол үйде берекет болатынына сенеді. Егер еркек бала көрсе, сол ай қиын өтеді деп сенеді. Алғашқы жарты айды көрген кісі сол сәтте топыраққа немесе алтынға қарайды. Сол кісінің одан кейінгі күндерінің жақсы және берекелі өтетініне сенеді. Жүкті әйел Айға қарағанда ішіндегі бала қимылдаса, бала ұл болса батыр болатынына, қыз болса береке әкелетініне сенеді. Қолында сүйелі барлар жаңа туған Айға қарап, «Айды көрдім хош көрдім, сүйелімнің орнын бос көрдім» деп сүйелдің қайтатынына сенеді.
Ай мен Күн тұтылуымен байланысты да халық арасында кең тараған нанымдар бар. Осылардың кейбіреулері төмендегідей: Ай мен Күн тұтылуы ақыр заманның белгісі, сондай-ақ атақты адамдардың дүниеден озуының да бір белгісі ретінде қабылданады. Ай немесе Күн тұтылғанда, сол жылы ашаршылық болады, соғыс шығып, дағдарыстар болады.
Ай мен Күн тұтылғанда Анатолыда Орталық Азиядан келген нанымдармен практикалық ұқсастықтар байқалады. Мысалы Күн немесе Айдың тұтылуы басталған кезде қару атады. Дәл сол кезде азан шақырады. Тұтылуға қараған барша қалайыларды дауылдай соғады. Тұтылуды көргендер тұтылу аяқталғанша «Ла иллаһа ил аллаһ, Мұхаммад расұлұллаһ» (Аллаһдан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Аллаһның елшісі) деп Шахадат келтіреді. Тұтылу басталғанда кейбір жерлерде екі рақат намаз оқып, «Ұлы Алла Айымыз бен Күнімізді босат» деп дұға етеді. Айдың және Күннің тез арада құтылуы үшін Құрандағы сүрелер оқылады. Осылардың барлығы Ай мен Күннің бетін жапқан түнекті қуу мақсатты жасалады. Мысалдар да көрсеткендей Исламнан бұрынғы және Исламнан кейінгі нанымдар бірге атқарылады.
Кемпірқосақ болса барлық түрік қоғамдарында «көк аспанды жермен байланыстыратын бір көпір, әсіресе де тәңірдің көпірі» ретінде қабылданады. Осы себепті де боранның артынан шығуы Тәңірдің ашуының белгісі ретінде жорылады.
Анатолыда кемпірқосақты түрік тілінде «нұр», «ал йешил чөкмесі», «кырмызы йешил», «эбем кушағы», «Фатыма анамыздың белдігі» деп атайды. Бұрынғы түрік нанымдарындағы кемпірқосақтың Тәңірге апарған көпір болуы нанымы бүгін Анатолыдағы кемпірқосақпен байланысты нанымдардың негізін құрайды. «Нұр жақсы адамдардың үстіне жауады» сөзі кемпірқосақ шыққан кезде айтылады және жақсылық саналады. Халық арасында кемпірқосақтың астынан өту арманы кең тараған. Дегенмен осы күнге дейін кемпірқосақтың астынан ешкімнің өте алмағаны да айтылады. Нанымға қарағанда кемпірқосақ ешқашан астынан өтуге рұқсат етпейді. Бұған қарамастан астынан өткендердің де бар күнәсі кешіріледі. Не қаласа орындалады. Бай болады. Бала тумаған әйелдер бала табады. Тіпті кемпірқосақтың астынан өткендердің жынысының өзгеретініне сенеді.
1713 жылға тән қол жазба бір кітапта кемпірқосақпен байланысты былай жазады: «Кемпірқосақтың жасыл түсі астында болса, жазғы маусым жақсы өтеді. Сары түсі астында болса, ауру көп зиян береді, аяғында денсаулық болады. Қызыл түс астына келсе, соғыс болады. Көк түс астында болса, қыс қатты өтеді. Қызғылт түсі астында болса, жұқпалы ауру пайда болады. Қоңыр түс астында болса жыл жаңбырмен өтеді. Су басып, кемелер суға кетеді».
Бұрынғы түрік нанымдарында найзағай түскен жер киелі боп саналатын. Осыған қоса осы жердің адамдар мен жануарларға жақсылық әкелмейтіні де шындық. Сол себепті адамдар мүмкіндігінше сол жерге онша жақындамайды және жануарларды да жақындатпайды.
Анатолыда болса найзадан сақтану үшін кең тараған нанымдар бар. Олар: Найзағай адамға немесе жануарларға түседі, қасында жүрген кісі сол адамды немесе жануарды, дәл кезінде найзағай түскен соң сүйреп орнын ауыстыратын болса найзағай түскен жанды міндетті түрде өлмейді.
Күн күркіреп жай шаға бастаған кезде сол жердегі кісі қолында темір ұстайтын болса оны тез арада ағашқа қағады. Қасында балта және темір бір материал бар болса, осыларды ағаштың кеудесіне шаншады. «Темір бар жерге найза түседі» деп сенеді. Осылайша сол ағашқа найзағай түсуін қамтамасыз етіп, өздерін осы қауіптен сақтайды. Күн күркіреп жай түскен кезде Шахадат келтіреді. Барша білгенінше дұға мен сүре оқиды.
Осы айтылғандардың барлығы түріктердің космологиялық ойларын ортаға қоюы тұрғысынан аса маңызды. Түріктердің Күн мен басқа нәрселерді құрметтеуі, Тәңірдің оларға бергеніне сенген керемет ерекшеліктерден туындайды. Бұл да бізге Орталық Азия наным мен ғұрыптарының осы күнге дейін үздіксіз жалғасқанын көрсетеді. Бүгін Анатолыда жалғасқан көк аспанмен байланысты наным мен ғұрыптар бұрынғы нанымдардың жиынтығы ретінде алдымызға шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар