Түрік әдет-ғұрыптары 34

Түрік әдет-ғұрыптарында аза тұту және жоқтау мерәсімдері

109525
Түрік әдет-ғұрыптары 34

Адам өмірінде 3 маңызды өтпелі кезең бар. Бұлар «дүниеге келу», «үйлену» және «дүниеден озу». Осы үш маңызды өтпелі шақтың төңірегінде де бір қатар әдет-ғұрыптар мен нанымдар орын алады. Осы нанымдар мен әдет-ғұрыптар адамдардың тіршілігіндегі маңызды кезеңдерді жеңілдету және жағдайға адаптациясын қамтамасыз етеді. Аза тұтуға байланысты мерәсімдер дүниеден озған кісінің отбасын, туысқандарын жаңа жағдайға үйрету, қайғысын бөлісу мақсатты өткізіледі.
Әлемнің қай жерінде болмасын адамдар жақын-жұрағат қайтыс болғанда бірдей қайғыны сезеді. Аза тұту кезеңдері және аза тұтумен байланысты салттар әр мәдениетте әртүрлі болып табылады. Ислам дінінен бұрынғы дәуірлерде түріктер жақын-жұрағаттан біреу дүниеден озғанда бас қосып, жерлеу және аза тұту мерәсімі өткізетін. Осы салттарға «Йоғ мерәсімі» (Жоқ) делінетін. «Йоғ мерәсімі» кісінің маңызы, алар орны және болмысымен байланысты өтетін.
* * *
Түріктер исламды қабылдамастан бұрын аза тұту мерәсімі негізінде бұрынғы түрік нанымымен байланысты деп айтуға болады. Исламнан бұрынғы түріктер «Йоғ» мерәсімін марқұмның рухының адамдарға зиян келтірмеуі үшін өткізетін. Ежелгі түріктер «Йоғ» мерәсімдері кезінде дүниеден озған кісінің шатырының айналасын атпен айналатын. Марқұмның аттарының құйрықтары кесіліп, аттар құрбандыққа шалынатын. Марқұмның жақын-жұрағаты шаштарын алып, тарататын. Марқұмның артынан жылау, бүлік салу, барлық түрік тайпаларына ортақ аза тұту салты болатын. Орхон жазба ескерткіштерінде жазылған Күлтегін мен Билге Қаған үшін өткізілген аза тұту мерәсімінен Көктүрік әулеті кезеңінде түріктердің шаштарын кесіп, бүлік салғаны байқалады.
Осы аза тұту салттарына қоса түрік қоғамдарында «Йоғ асы» мерәсімі де өткізілген. Осы мерәсімде марқұм үшін ас таратылған. «Өлінің асы» деп аталған ас тек қана көзі тірілерге емес, әсіресе дүниеден озғандарға да ұсынылады деп сенетін.
Аза тұту мерзімі бойынша марқұмның жақын-жұрағаты бағынуға тиісті кейбір ережелер де бар болатын. Ойын-сауыққа қатыспау, сәнді және түрлі-түсті киімдер кимеу, еркектердің шаштарын алмауы осылардың кейбіреулері ғана. Барлық түрік тайпаларында қара түс аза тұтудың белгісі ретінде қолданылған. Оғыздар қайғының көрсеткіші ретінде қара түсті киім киген. Ежелгі түрік қоғамында басқа бір аза тұтудың белгісі де киімді теріс кию және бұйымдарды теріс қолдану болып табылады. Осы ғұрыптар исламнан кейін де жалғасқан. Қазір Анатолының Карс аймағында марқұмның артынан көз жасы төккен әйелдердің зарлануы, шаштарын кесуі және киімдерін теріс киюі қазір де жалғасқан бір дәстүр болып табылады.
Өлімнен кейін марқұмның жақын-жұрағаты жоқтау айтады немесе «жоқтаушы» деп аталатын әйелдерді шақырып, жоқтау айтқызады. Жоқтау айтқандар марқұмның қай себептен қайтыс болғанын, неше жаста екенін, артта қалдырғандарын сарынды түрде түсіндіріп жылайды және келгендерді де жылатады. Осы жағдай түрік аза тұту мерәсімінің ең белгілі ерекшеліктерінің бірі деп саналады. Дегенмен ислам дінін қабылдаған соң айқай салып жоқтау айтуға, шашын жұлып жылауға Әзірет Мұхаммед пайғамбардың хадистерімен тыйым салынған. Әзірет Мұхаммедтің «Қайғы және аза тұту мақсатты беті мен киімдерін жыртқандар бізден емес», «Өлім алдында марқұм үшін бетін тырнап, жойылуын талап еткен әйелге Алла қаһарын төгеді» деген хадистер мұндай аза тұтуға ашық түрде тыйым салынғанын көрсетеді. Құран да Құдайдың бұйпығына ризашылық көрсету және өлім оқиғасынан сабақ алу керектігін үгіттеген көптеген аят бар. Дегенмен түрік мәдениетінде исламнан бұрын аза тұту мерәсімдерінің кейбіреулері ислами формада тарих бойынша жалғасып келген. Анатолыда қазір жоқтау айту дәстүрі және жоқтаушы әйелдер мәдениеттің ішіндегі орнын сақтауда.
Түрік қоғамдарында исламнан бұрынғы кезеңдердің салт-дәстүрлері ислам дінін қабылданған соң кейбір өзгерістерге ұшыраған. Жаназа кезінде ас тарату мерәсімдеріне уақыт өткен сайын Құран оқу және марқұмның рухына дұға бағыштау сияқты рәсімдер қосылса да, бұл бұрынғы салттарды толығымен жоймаған.
Анатолыда жаназа жерленген алғашқы күні қабір қазған адамдарға ас таратылады. Халық арасында осы асты «қазу хақы» деп атайды.
Қазіргі таңда кең тараған тағы бір салт - жаназа үйіне ас пісіріп бару. Бұған «қаралы жердің асы» немесе «қабір асы» делінеді. Осы себепті жаназа иесі қайғылы болған себепті ас пісіре алмайды деп ойлайды жақыны қырық күн бойы тамақ пісіріп әкеледі. Жаназа үйінде ұсынылған астарды марқұм біліп жатады деп сенеді.
Анатолыда қайтыс болған кісінің жанұясы әсіресе өлімінен кейінгі үшінші, жетінші, қырықыншы және елу екінші күндеріне қоса жылы толғанда ас дайындап, туысқан, көрші және таныстар шақырылған бір мерәсім ұйымдастырады. Дайындалған осы астарға «өлінің асы» делінеді.
Белгілі күндерде тағамдарға қоса халуа тарату дәстүрі болса қазір Анатолының көптеген аймағында болғандай, басқа түрік халықтарында да жалғасып жатқан бір дәстүр.
Анатолыда жаназа мерәсімдерінің тағы бір міндеті де осы мерәсімдерде «мәуліт» оқыту. Мәуліт мерәсімі Анатолының әр жерінде кездесетін ортақ бір жаназа салты боп табылады. Мәуліт оқытуда Анатолыда кішігірім айырмашылықтар болса да, жылында да мәуліт оқылады. Ислами түсінікте марқұмның арқасынан Құран оқыту, жақсы сөздермен еске алу және қаза тапқан адамның атынан қайырымдылық жұмыстарын жалғастыру жеткілікті.
Ислами наным төңірегінде өлінің арқасынан аза тұту мерзімінде назарға алатын тағы маңызды бір жайт - Аллаға қарсы бас көтеру ретінде қабылданғандықтан аза тұтуды ұзақ уақытқа созбау.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар