Түрік әдет-ғұрыптары 26

"Тепреш" - Қырым татарларының көктем мерекесі

116812
Түрік әдет-ғұрыптары 26

Анатолыда және түркі әлемінің кейбір елдеріңде тойланған Наурыз, Хыдыреллез, Шағылыстыру, Сая мерекесі және мерейтойлар жайлы баяндаған болатынбыз. Осы бағдарламамызда болса Қырым татарлары мен Анатолыға қоныс аударған Қырым түріктерінің маусымдық мерекелерінің бірі «Тепреш» жайлы сөз қозғаймыз. Тепреш көптеген мәдениетте әртүрлі аттармен тойланған көктемнің келуі, қыс маусымының аяқталу мерекесі болып табылады.Түркия мен Румынияда өмір сүрген түріктер арасында «Тепреш», Қырым да болса «Тепреч» деп аталады. Тепреш - Хыдыреллездің артынан тойланған бір мереке. Тепреш тойланатын күн тізбе аймақтарға қарай әртүрлі болып келеді. Тепреш мамыр айынан бастап, маусым айының екінші аптасына дейінгі кезеңде тойланады. Кейбір аймақтарда Хыдыреллезден кейін келген алғашқы жұма күні тепреш күні ретінде тойланады. Хыдыреллез егер жұма күніне дөп келетін болса бұл жақсы бір белгі ретінде қабылданады. Осы күнге «Хыдыреллез жұмасы» делінеді. Қырым түріктерінің мерекесі ретінде белгілі Тепреш ғасырлардан бері Адриатикадан Қытайға дейін кең аймақта өмір сүрген түріктердің мәдени байлығының бір көрсеткіші болып табылады. Тепреш басқа көктем мерекелері сияқты бірлік, ынтымақтастық, жәрдемдесу және жандану деген мағынаға келеді. Тепреш мерекелерінде жүзеге асқан іс-шараларда, ойын-сауықтарда, қонақтарға ұсынылған астарда, түрік мәдениетінің байлығы жатады.
* * *
Тепреш Қырым түріктері арасында «табиғаттың оянуы» болып қабылданады. Көктемнің келуімен егіндердің бой көтеруі, топырақтан басын шығаруы, өсуі, халық арасында «егістіктердің тепреші» деп аталады. Анатолы аймағында Тепреш, Қырым татарлары жиі өмір сүретін Анкара, Стамбұл, Эскишехир, Полатлы сияқты қалаларда тойланады. Анатолыда әрқашан маусым айының екінші аптасында дәстүрлі түрде тойланатын осы мерейтойда әсіресе Қырым түріктерінен бастап, көптеген адам бас қосады.
Тепреш мерекелерінде халық жайлау немесе орманды алаңдарда жиналады. Әсіресе жастар қатты көңіл бөлетін тепрешті халық жыл бойы асыға күтеді. Бұрын жас қыздар тепрештен бірнеше күн бұрын кірпігін қара түске бояп, қол мен аяғына қына жағатын. Бұрын ауылдардағы қыз мен еркектердің бірге қыдырып сөйлескенін жақтырмаған кездерде тепреш арнайы бір күн болғандықтан тек осы күні бұған рұқсат берілетін. Тепреште танысып, әңгімелескен жастардың осы достықтары көбінесе тұрмыс құруға дейін баратын.
Тепреш пикник түрінде өтеді. Тепреште әртүрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Тепреш тойланатын алаңға алыстан келушілер тепреш тойланатын күні азанда түрлі түсті ленталармен әшекейленген арбалармен керуендеп келеді. Тепрешке келушілер арбаларын жегіп отырған аттарды бір-бірімен жарыстыра отырып, тепреш алаңына жетеді. Тепрешке алға жеткендер кейін келгендерді қарсы алады. Халық бір алаңға жиналып, Тепреш дұғасы оқылады басталады. Тепреш дұғасы мереке іс-шараларының ең маңыздыларының бірі болып табылады. Тепрештің ашылу белгісі іспеттес. Тепреш дұғасы әсіресе бір діни қызметкер тарапынан оқылады. Бұл дұғада жаратушыдан молшылық, береке, денсаулық, тыныштық, жақсы өмір тіршілік және үйленетін жастарға бақ сұрайды. Дұға әрі татар тілінде, әрі түрік тілінде оқылады. Тепреш алаңына жиналған барша дұғаның аяқталуымен бір ауыздан «әумин» деп, дұғаға көңілімен қосылғандарын көрсетеді.
Әр отбасы тарапынан Тепрештен бір күн бұрын кешкі уақытта су және ұнмен дайындалған ашытқысыз қамырдан «Қалақай тығыртмасы» делінген ас пісіріледі. Домалақ түрде пісірілген қалақайларды тепреш күні бір орамалға салып, егістікте дөңгелек сияқты домалатады.
Халық арасында тепрешпен байланысты көптеген наным бар. Бұл нанымдардың бірі де қалақайға байланысты. Нанымға қарағанда егістікте домалатқан қалақай алдынғы жүзі аспанға қарайтындай жерде түссе, егіннің берекелі болатынына сенеді. Кейін қалақайларды кеседі және баршаға ұсынады. Тепрешке келушілер міндетті түрде бұл нанның дәмін татқысы келеді. Өйткені осы нанның өздеріне бақыт және шанс әкелетініне сенеді.
Тепреш ұлттық ойын-сауықтардың басталуымен одан да қыза түседі. Тепреште ең маңызды ұлттық спорт сайыстарының бірі «Белбеу күрес» деп аталады. Күресті осы сайыстар арқылы еске түсіріп, жастар арасында бір спорт түрі ретінде ынталандыру мақсат етіледі. Күрес алаңында палуандарға қоса сырнай, дауыл, аккордеон сияқты саз аспаптарда ойнайтын музыканттар да болады. Бұл күрес сайыстары әсіресе балалар немесе жастар арасында өткізіледі.
Тепреш күні тағы бір жарыс ұлттық тағамдар тақырыбында ұйымдастырылады. Қырым түріктерінің ең маңызды ерекшелігі ет тағамдары мен қамыр түрлері болып табылады. Тамақ дәстүрін жас ұрпаққа үйрету және танытуды нысанаға алған тағам жарысында ең жақсы піскен ас қазылар алқасы тарапынан таңдалып, сыйлық беріледі. Сондай-ақ әйелдер сату немесе ұсыну үшін ұлттық тағамдардың ең жақсы үлгілерін пісіреді. Осы тағамдар арасында Қырым түрік асханасының танымал чибөрек, кобете, сарыбурма, төгерек, жантык, калакай орын алады. Чибөректі тепреште барлық қонақтарға ұсынады. Қырым түрік-татар асханасы делінгенде алдымен чибөрек еске түседі.
Тепрешті тойлауға жиналған халық осы дәмді, дәстүрлі тағамдарға қоса ұлттық билерді тамашалап, жастар мен балалардың ойын-сауықтарына қатысады.
Тепреш мекерекесі жыл сайын тойланғандықтан тепрештің тойлануына үлес қосқандар мен тепрешке демеуші болғандарды құрметтеу үшін «Тепреш асабасы» деген атақ беріледі. Тепреш асабасын сайлау да дәстүрлі түрде әдетке айналған. Тепреш мерекесінің шығындарына ең көп үлес қосқандар «Тепреш асабасы» боп сайланады. Тепреште ұйымдастырылған ойын-сауықтар мен жарыстар көбінесе бір-біріне ұқсап келсе де, аймаққа байланысты кейбір өзгешеліктері болады.
Мәдениеттің жалғастырылуы тұрғысынан маңызды мерекелердің бірі саналған Тепреш жайлы Илхан Эрсой «Диаспора және куәлік: Эскишехир мен Стамбұлда өмір сүретін Қырым татарларында көптік мәдени куәліктің белгісі тепреш» деп аталған докторлық диссертация дайындаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар