Түрік әдет-ғұрыптары 24

Түрік мәдениетінде монша және моншаға байланысты әдет-ғұрыптар

97428
Түрік әдет-ғұрыптары 24

Түріктерде су мен су жүйелері аса маңызды болған. Осы себепті түріктерде монша – көне замандардан келген дәстүрлердің бірі. Анатолыда түріктердің монша архитектурасы ХІІ ғасырда яғни, Cелшұқ әулеті Анатолыны билеп бастаған соң тарайды. Монша және моншамен байланысты әдет-ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, түрік мәдениетінің символына айналып, түріктермен бүтіндескен. Бірден көп функцияға ие түрік моншалары Анатолыда терең бір мәдениеттің көрінісі ретінде алдымызға шыға келеді.
* * *
Көшпенді түріктерде «Черге» деп аталатын жылжымалы шатыр моншалары бар екені белгілі. Анатолының селшұқ сұлтаны Алааддин Кейкубадтың да «Хамам-ы Сефери» (Жорық моншасы) деп аталатын шатыр моншамен жорыққа шыққаны деректерден байқалады. Селшұқ әулеті мен Осман мемлекеті кезеңінде діни және сауда ғимараттары салынған кезде жұмысшылардың тазалану қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатты алдымен монша салынатын болған. XII-XIII ғасырларда Анатолыда түріктер тарапынан салынған моншалар өзіндік архитектуралық ерекшелікке ие.
Османлы кезеңінде түрік моншасы архитектураның ең маңызды нәрсесі және күнделікті өмірдің таптырмас бір ұғымына айналған. Стамбұл мен ауылдық жерлерде көптеген комплекстің өзінде монша болған. Моншалар тарихтан бері барлық тұрғын аймақтарында маңызды орын алған. Османлы түріктерінің тұңғыш моншасын Бурса қаласына 1362 жылы Орхан бей салғызған. Мемлекеттік қолданыстағы тұңғыш монша болса 1584 жылы ІІ.Мураттың шешесі Нурбану Сұлтанның Мимар Синанға салғызған Чемберлиташ моншасы болған, қысқа мерзім өткен соң бұл моншалардың саны да арта түскен.
Монша архитектурасының ең керемет үлгілері Османлы кезеңінде бой көтерген. Түрік мәдениетінде моншаның жартысын еркектерге, жартысын әйелдерге арнап екі бөліп салған. Сондай-ақ осы моншалардың аса маңызды бір ерекшелігі де ешқашан әйел мен еркекке тән бөлмелердің есігі бір жерге ашылмаған. Мұны моншадан шыққан әйелдердің мазаланбауы үшін жасаған.
Моншалар түрік мәдениетінде тек қана жуынып тазаланатын жайлар болмаған сондай-ақ бас қосып, жеп ішетін, сұхбаттар мен ойын сауықтары бар, күнделікті оқиғалар жайлы мағлұмат алатын орындар болған. Еркектер үшін кофехана не мағына білдірсе, әйелдер үшін де монша сондай жер болған. Қазірдің өзінде көп адам жиналған және шу бар жерлер ‘әйел моншасына’ теңелген.
Монша Анатолыда бұрын үйден басқа тіршілігі шектеулі әйелдің сыртқа шығуы және көңілін көтеріп қайтатын бір құрал болу ерекшелігіне ие болатын. Осы тұрғыдан да моншаның нағыз пайдаланушысы әйелдер болған екен. Османлы кезінде моншалар қызметімен, тамашаларымен әлеуметтік тіршіліктің бір бөлшегі болған. Әйелдер жиналып, аптасына кемінде бір рет моншаға баратын. Азанғы уақытта барған моншадан кешкі уақытта қайтатын. Моншада толық бір күн өткізетін. Монша барлық аумақтың әйелдері үшін бастартпайтын әлеуметтік орындар болған. Моншаға бару үшін жасалған дайындық әйелдер үшін бір дәстүрге айналған болатын. Дайындықтар бір күн бұрын жасалып, моншада толық бір күн өткізетіндіктен әртүрлі ас-сулар әзірленетін. Түрік мәдениетінде жуыну да дәстүрге айналған. Әйелдер моншаға бара жатып монша дорбасы дайындайтын. Осы дорбалар моншаға келгендердің әлеуметтік мәртебесі мен қоғам ішіндегі орындарын да көрсеткені себепті арнайы маңызға ие болатын. Моншаға апару үшін дайындалған дорбаларға тарақ, монша ыдысы, сабын және сабындықтар, жөке, орамал, белге орайтын таңғыш, ағаштан жасалған аяқ киім немесе кебіс және шәрбат құмыралары болатын. Сабынды моншаның және моншадағы ереженің бір көрсеткіші ретінде бағаландыратын. Сабындарға ағаш таңбалармен жанұя атаулары басылатын. Сондай-ақ моншаға шақырған әйелдер сол күнге арнап сабын жасатып, қонақтарын сабынмен моншаға шақыратын.
Моншада болудың өз ережелері бар болатын. Монша ережелеріне әрі моншаға келгендер, әрі моншада жұмыс істейтіндер бағынады. Моншадан кірген кезден бастап, шыққанша моншада қалай жүру керек, ыдыстарды қолдану әдістері, сондай-ақ осы материалдарды қай жерге, қалай салу керектігіне дейін белгіленген. Моншада жуынуға көмектесетін қызметкерлер де бар болатын. Әйелді жуатын қызметкерді «натыр», еркекті жуған қызметкерді «теллак» деп атайтын.
Османлы моншалары 18-ші ғасырдан кейін Османлыға келген саудагер, саяхатшы және елшілердің әңгімелеуімен батыстықтарды қызықтыра бастаған. Көптеген батыстық суретші Османлы моншаларын бейнелеген суреттер салған.
Монша және моншамен байланысты кейбір ерекшеліктер түрік тілінде тұрақты тіркестер қатарында орын алады. Шуы көп жер үшін «Әйелдер моншасы сияқты», бай адамдар үшін «керуенсарай монша иесі», ыстық және тұншықтырған жерлер үшін «моншадай» деген тұрақты тіркестер қолданылады.
Анатолы халқы моншамен бірге кейбір ойын-сауық және тамашаларды да біріктірген. Келін моншасы, күйеу моншасы, сүндет моншасы, аналық моншасы, аза тұту моншасы сияқты. Осылар түрік мәдениетінің маңызды сатыларымен байланысты әдет-ғұрыптар. Түрік мәдениетінің түстерінің бірі ретінде монша мен моншада жуыну дәстүрі, моншада жасалатын мерәсімдер мен ойын-сауықтар сәл өзгеріске ұшыраса да, әлі жалғасуда. Қазір түрік моншасы туризм саласында жұмыс істейтін жайлар құрамында және технологиялық өзгерістер аясында әртүрлі емдеу әдістері қолданылатын «Денсаулық сақтау» орталықтары мен SPA орталықтарына айналған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар