Түрік әдет-ғұрыптары 21

Түрік мәдениетінде Наурыз мерекесі мен Наурызға қатысты нанымдар

82810
Түрік әдет-ғұрыптары 21

Анатолы халқы табиғаттың жандануын, көктемнің келуін әртүрлі мерекелермен қарсы алған. Осы мерекелердің бірі де 21 наурыз күні тойланатын Наурыз. Түрік ұлты наурызды ойлауды көптеген себеппен байланыстырған. Наурыз түріктердің Орталық Азияда Эргенеконнан шыққан күні болып табылады. Адамзат жаралған күні. Әзірет Нұх пайғамбардың топанының артынан тұңғыш жерге аяқ басқан күн. Әзірет Алидің туылған күні. Қорытып айтқанда, Наурыз жеңістер тойланған, тыныштыққа қол жеткен күн болып табылады.
12 жануарлы түрік күн тізбесі Күн жүйесіне сай дайындалып, жаңа жыл 21 наурызға дөп келеді.Алғашқы қара қыс «эрбаин» мен соңғы қара қыс «Хамсин» деп аталған 90 күндік мерзім аяқталады. Осы 90 күндік мерзім Анатолының әртүрлі жерінде «азап айы» деп аталады. Қиын өткен қыстың артынан 21 наурыз күні қыстан шығудың сүйіншісі ретінде тойланады.
* * *
Анатолының және түркі әлемінің барлық жеріңде Наурызды үйді тазалап қарсы алады. Таза және кейбір аймақтарда ақ киімдер кию дәстүр болып қабылданады. Анатолының әр жерінде қайта жандану, дүниеге келу ретінде бағаландырылған наурызбен байланысты көптеген сенім бар.
Наурыз күні ағаштың тамырынан бұтағына дейін судың жүргеніне, осылайша ағаштардың жанданғанына сенеді. Сондай-ақ 21 наурыз күні бақтарды бұтайды, бұтаған бақтардың жылағаны болжалады. Осы күннен кейін табиғат жанданғаны үшін ағаштарды бұтамайды. Наурыз күні көзге сүрме жақса, сол жылы көз ауырмайды. Жуынып, дәрет алған кісі сол жылы науқастанбайды. Наурыздан бір күн бұрын әйелдер мен жас қыздар сол жылы бидайдың дәндері қызыл болсын деп қолдарына қына жағады. Наурыз түні несібесі көп болсын деп ұйықтамайды, наурызды қарсы алады. Анатолының кейбір аймақтарында 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Сұлтан Наурыздың келіп, көк аспанда аяғындағы білезікті шыңғыртып, батыстан шығысқа қарай көшкен сұлу бір қыз екеніне сенеді. Басқа бір айтуға қарағанда «құсқа ұқсаған» бір дәруіш болып табылады. Наурыз түні Сұлтан Наурыз өткен кезде ұйықтамағандардың барлық тілектері орындалады деп сенеді. Кейбір аймақтарда болса Наурыз күні аулаға үлкен бір ыдыстың ішіне су толтырып, айдың сәулесіне тастайды және азанға дейін ғибадат етіледі. Егер тілектер қабылданатын болса, ыдыстағы судың алтынға айналатынына сенеді. Наурыз күні азанда таң атқанда, жаңа күн басталған кезде барлық ағындардың бір секунд бойынша тоқтағанына және сол кезде ағындардан бір ыдыспен су алған жағдайда, бүкіл тілектердің орындалғанына сенеді.
Наурыз күні әйелдер азанғы астарын бәрі бірге және сүт, қатық, сыр, қаймақ сияқты ақ немесе «С» әрпімен басталатын астармен ішеді. Наурыздың арнайы дәмдері Анатолының бар жерінде бір-біріне ұқсайды. Наурыз астары көбінесе тек қана көктемге тән өсімдіктерден жасалады. Ең көп тараған астардың басында пияз қабықтарымен және әртүрлі шөптермен қайнатылған бояулы жұмыртқалар келеді. Осы жұмыртқалар кейбір аймақтарда алдын ала көктеп шыққан арпа, жасымық сияқты өсімдіктердің ішіне қойып ұсынылады. Көктем өсімдіктерінің бірі ретінде наурызда қарақұмық тұқымдастар және көктікен сияқты жасыл өсімдіктерді шикілей жейді.
Сондай-ақ осы шөптер жұмыртқамен піскен саумалдық сияқты да пісіріледі. Чиғ көфте, зәйтүн майлы күріш салынған, пияз, қуырылған қалақай, палау, құймақ, самса, саумалдық самса, қаттама, кята және сары бурма тәттісі наурызда пісірілген және ұсынылған басқа да астар болып табылады. Бірге тамақ ішу немесе дайындалған асты көршілер, әсіресе кедейлермен бөлісу Анатолыда кең тараған бір ғұрып. Анатолыда бөліскен тағамның молшылық әкелетініне сенеді.
Мазарларға бару және дайындалған астарды тарату, Құран оқу, наурыз әдет-ғұрыптары арасында орын алады. Кейбір аймақтарда да наурыз кеші белгілі адамдардың үйінде жиналып, азанға дейін ұйықтамай Құран мен мәуліт оқытылады және дұға етіледі.
Наурыздағы ғұрыптардың ең белгілісі де оттың үстінен секіру болып табылады. Ашық алаңда от жағып, жастар осы оттың алауы үстінен тілек тілеп және өлең оқып секіреді. Орталық Азиядан келе жатқан нанымға қарағанда, оттан секіру жамандық пен аурудан арылу үшін жасалған бір ғұрып. Осы нанымның қалдықтары бүгін әлі Анатолыда кездеседі. Жергілікті мерейтойларда тілек тілеу және бал қарау маңызды орын алады. Жастар өлең айтып, болашақ туралы тілек тілейді. Өлең, ән жарыстары, тілек айтатын ойын-сауықтар, осылардың бірнешесі ғана. Тілек ойынында шынының ішінен тартып оқылған өлеңдер иесінің бақыты ретінде қабылданады. Сондай-ақ Оңтүстік Анатолыда көктемде өсетін «матыфар» атындағы гүлмен бал қарайды. Ағын бар жерлерде әйелдер суға қарап тілек тілейді және қайғыларының сумен араласып ағып кетуін тілейді.
Наурызда ойналатын және әлі күнге Анатолыда жалғастырып келе жатқан спорттардың басында ат жарысып, джирит, күрес, садақ ату және қылыш сермеу келеді. Балалар болса әсіресе батпырауық ұшырады.
Мерекелерді баршамен тойлау әлеуметтік көмек ережесін де алға шығарады. Жәрдемге мұқтаж адамдарға көмектеседі және реніштер жойылады. Мерекелердің негізінде сүйіспеншілік, бауырмалдық және жәрдемдесу ережесі пайда болады.
Наурызбен байланысты мереке іс-шараларының негізінде көктемнің жандылығы мен қимыл-әрекеті орын алады. Наурыз аясында ортаға шыққан әдет-ғұрыптар мен жергілікті ойын-сауықтар болса, болашаққа үмітпен қараудың, көктемнің символдық жандылығының, қайта ояну мен жарқын келешекті армандаудың нәтижесінде пайда болған. Мемлекет және ұлт ынтымақтастығымен тойланатын наурыз Османлы сарайында да бар жандылығымен жалғасқан.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар