Өзбекстанның ел ордасы Ташкентте «Қол өнері» фестивалі

Ұлттық өнер галереясында басталған фестивальді Өзбекстанның азаматтық ұйымдары ұйымдастырды.

191186
Өзбекстанның ел ордасы Ташкентте «Қол өнері» фестивалі

Өзбекстанның ел ордасы Ташкентте «Қол өнері» фестивалі басталды.


Фестивальдің ашылу салтанатына қонақтар көптеп келді.


Ұлттық өнер галереясында басталған фестивальді Өзбекстанның азаматтық ұйымдары ұйымдастырды.


Фестиваль дәстүрлі өзбек өнерінің үлгілері мен қуыршақ театрымен басталды.


Бай өзбек фольклорын таныстыру мақсатымен ұйымдастырылған фестивальде өзбек шеберлердің тамаша өнімдерін арзан бағаға алуға болады.


Атлас маталар, жібектер мен қол өнері өнімдері келушілерге ұсынылды.


Ұнатушыларға әлемге танымал Бұқара кілемдері, саптары маржанмен безенген пышақтар, ағаштан ойылған бұйымдар, керамикалар, матадан жасалған қуыршақтар мен жібектен тігілген киімдер көрсетілді.


Фестиваль аясында көптеген би қойылымдарын да тамашалауға болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар