Ердоған мен Мирзиеев ортақ баспасөз мәслихат өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанның аймақтық және жаһандық құндылығының күн санап артып келе жатқанын айтты.

2149819
Ердоған мен Мирзиеев ортақ баспасөз мәслихат өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан Өзбекстанның аймақтық және жаһандық құндылығының күн санап артып келе жатқанын айтты.

Президент Ердоған ресми сапармен астана Анкараға келген өзбек әріптесі Шавкат Мирзиеевпен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Бұл келісімдердің екі ел арасындағы ынтымақтастықты әртараптандыруға және келісімнің негізін нығайтуға мүмкіндік беретінін түсіндірген Ердоған 37 миллионға жақындаған жас халық санына ие және Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан Өзбекстанның аймақтық және жаһандық құндылығына назар аударды.

Қонақ президент Мирзиеевтің «Жаңа Өзбекстан үшінші жаңғыру» жобасымен еліне басқа көкжиек сызғанын айтқан Ердоған сөзін былай  жалғастырды: «Мирзиеев энергетикадан ауыл шаруашылығына дейін кең ауқымда жүзеге асырған экономикалық реформаларымен Өзбекстанды таң қалдыратын  деңгейіне жеткізді. Өзбекстанды қысқа мерзімде мықты күшке айналдырған Шавкат  Мирзиеев мырзаны шын жүректен құттықтаймын».

Мирзиеев президент Ердоғанның басшылығымен Түркияда халықтың әл-ауқатын арттыру, елдің саяси, экономикалық және әскери қуаты мен әлеуетін, халықаралық қоғамдастықтағы ықпалын арттыру үшін үлкен күш-жігер жұмсалғанын атап өтті. Мирзиеев Түркияның дүние жүзіндегі жетістіктерін мақтан тұтқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар