TRT World арнасының деректі фильмі АҚШ-та алтын медаль алды

«Off The Grid» деректі фильмі АҚШ-тағы Нью-Йорк фестивалінде алтын медальмен марапатталды.

2129335
TRT World арнасының деректі фильмі АҚШ-та алтын медаль алды

Түрік телерадио корпорациясының (TRT)  "TRT World" халықаралық хабар тарату арнасының «Off The Grid» деректі фильм сериялы "Нью-Йорк фестивалінде" алтын медальмен марапатталды.

Кенияда су тапшылығынан жарылған жер қабаты және Күн күйігінен қуырылған егістіктер мен алқаптар миллиондаған адамды аштыққа ұшыратты.

Елде ресурстар үшін бәсекелестік күшейген сайын қақтығыстар артуда.

Өзендер тартылып, ауыл шаруашылығы өнімдері өсе алмай жатқан елде адамдар күн көру үшін күресуде.

TRT World арнасы Кениядағы климаттың өзгеруі мен құрғақшылыққа назар аударған бірегей деректі фильм түсірді.

Әлемге танымал «Off The Grid» деректі фильм сериялы Нью-Йорк фестивалінде "Телеарналар және үздік деректі фильм» санатында алтын медальға ие болды.

Сериалға енген «Кения: Су үшін күрес» деректі фильмі болса «Адами алаңдаушылық» санатында марапатталды.

TRT Wold түсірілім тобы деректі фильмді дайындау барысында елдің ең шалғай түкпіріне дейін барды.

Нью-Йорк фестивалі 60 жыл бойы барлық континенттерде жасалған және барлық платформаларда қаралған инновациялық мазмұнды марапаттап келеді.

Дүниежүзілік жетістікке қол жеткізген мазмұнды туындылар алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.



Ұқсас жаңалықтар