TRT 60 жаста

TRT әртүрлі тілде хабар тарататын телерадио арналарымен Түркияның үнін әлемге таратуда.

2134126
TRT 60 жаста

Түркияның көру және есту жадысы Түркия телерадио корпорациясы (TRT) 60 жаста.

Жарты ғасырдан астам уақыттан бері ұмытылмас эфирлер мен жаңалықтар TRT экранынан көрерменге ұсынылды.

TRT әртүрлі тілде хабар тарататын телерадио арналарымен Түркияның үнін әлемге таратуда.

Түркияда 1927 жылы 6 мамыр күні радио эфирлері басталған TRT-нің кейін телеарналары іске қосылды.

Алғашқы эфирін 1968 жылы 31 қаңтар күні Митхатпаша студиясынан басталған TRT-нің 1964 жылы 1 мамыр күні қабылданған заңмен Түркия телерадио корпорациясы ретінде негізі қаланды.

Әр кезең сайын өзін жаңартып, өз саласында ізашар болып келе жатқан TRT Түркияның көру және есту жадысына айналды.

TRT 41 тілде және диалектіде таратқан эфирлері және «TRT Germany», «TRT Russian», «TRT French», «TRT Balkan», «TRT Africa», «TRT Spanish» сандық хабар тарату платформалары мен халықаралық жаңалықтарды әлем жұртшылығына ұсынады.

Бүгінгі таңда TRT өзінің теле-радио арналары және халықаралық хабар тарату топтарымен 7 құрлыққа хабар тарату және өндіріс қызметін сәтті түрде жүзеге асыруда.

60 жылдық тәжірибесімен дұрыс және бейтарап қоғамдық хабар таратудың жалғыз мекенжайы TRT түрік халқының үні болуды жалғастыруда.

Екінші жағынан TRT 60 жылдығын арнайы мерейтойлық іс-шаралар және эфирлері арқылы қарсы алады.

TRT жасаған мәлімдемеге қарағанда бас қала Анкарада өтетін іс-шараларға қоса сондай-ақ теледидар және радио арналарындағы эфирлерімен TRT құрылу жылдығын атап өтеді.



Ұқсас жаңалықтар