TRT испан тілінде хабар тарата бастады

TRT жаһандық медиа қызметімен шекара асып жатқан мекеме халықаралық цифрлық хабар платформаларына жаңасын қосуда.

2132032
TRT испан тілінде хабар тарата бастады

Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (TRT) мәлімдемесіне қарағанда, жаһандық медиа қызметімен шекара асып жатқан мекеме халықаралық цифрлық хабар платформаларына жаңасын қосуда.

Түркияның үнін дүние жүзіне жеткізу үшін талпыныстарын жалғастырған ТRТ бүгін Стамбулда «TRT испан тілінде сөйлейтін елдердің 1-ші хабар тарату саммитін» ұйымдастыруда.

Саммит аясында ТRТ испандық цифрлық хабар платформасы ертең таныстырылады.

Саммитке Испания, Мексика, Колумбия, Аргентина, Перу, Венесуэла, Гватемала, Эквадор және Боливия сияқты 18 испан тілінде сөйлейтін елдердің 17 бас деректірі, 21 журналист, БАҚ мекемелерінің 16 басшысы және Түркияда біліп алып жүрген 40 Латын Америкасы және Испания студенттері қатысуда.

Сондай-ақ саммитте журналистер үшін «Халықаралық журналистика» тақырыбында семинар өтеді.



Ұқсас жаңалықтар