АҚШ-та тұратын түрік азаматына қаланың кілті табыс етілді

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында тұратын бір түрік азаматына қаланың кілті табыс етілді.

2092646
АҚШ-та тұратын түрік азаматына қаланың кілті табыс етілді

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Джерси штатында тұратын бір түрік азаматына қаланың кілті табыс етілді.

Түрік халқы ең тығыз орналасқан Нью-Джерси штатының Патерсон қаласында тұратын кәсіпкер Хусейн Байрамға қала мэрі Андре Сайех қала кілтін табыс етті.

Қала мэрі Сайех Патерсон қалалық әкімшілігінде өткен рәсімде  Байрамға  қалаға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Рәсімге  АҚШ Конгресс мүшесі Билл Паскрел, Патерсон қалалық кеңесінің мүшелері және кейбір азаматтық ұйым басшылары да қатысты.

Қалалық әкімшілігінің баспасөз хабарламасында «Біз Торос мейрамханаларының иесі және көрнекті қоғам қайраткері Хусейн Байрамды қала кілтімен марапаттаймыз. Бұл абыройлы марапат Байрамның іскерлік күш-жігері мен қайырымдылықтарын және  қоғамға қосқан үлкен үлесін мойындау болып табылады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар