Түрік үйі «Халықаралық тағам фестиваліне» екінші рет есігін айқара ашты

Фестивальге Нью-Йоркте жұмыс істейтін бас консулдар, лауазым иелері, дипломатиялық миссия қызметкерлері және көптеген қонақтар қатысты.

2065474
Түрік үйі «Халықаралық тағам фестиваліне» екінші рет есігін айқара ашты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Түрікеви» (Түрік үйі) «Халықаралық тағам фестиваліне» екінші рет есігін айқара ашты.

Түркияның Нью-Йорктегі Бас консулдығының ұйымдастыруымен Шетел консулдары қауымдастығы ұйымдастырған фестивальге 18 ел қатысты.

Фестивальге Нью-Йоркте жұмыс істейтін бас консулдар, лауазым иелері, дипломатиялық миссия қызметкерлері және көптеген қонақтар қатысты.

Музыкалық концертке ұласқан фестивальде Филиппин, Болгария, Қазақстан және Мексика өнерпаздары дәстүрлі музыкаларымен қысқа шоулар ұйымдастырды.

Қонақтарға әлем асханасынан, әсіресе түрік асханасынан түрлі тағамдар мен сусындар ұсынылды.

Осы жерде сөз сөйлеген Түркияның Нью-Йорктегі бас консулы Рейхан Өзгүр бұл шараның Нью-Йорктегі басқа дипломатиялық өкілдіктер және азаматтық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылғанын айтты.

Өзгүр «Осы ерекшелігімен Түрік үйі Нью-Йорктегі мәдениет пен дипломатияның орталығына айналды» деді.



Ұқсас жаңалықтар