Волейболшылар Перу құрамасымен ойнайды

Токиода болатын матч Түркия уақытымен сағат  07-де басталады.

2038764
Волейболшылар Перу құрамасымен ойнайды

Волейболдан әйелдер құрамасы 2024 Париж олимпиадасы іріктеулері В тобында үшінші матчында ертең Перу құрамасымен жарысады.

Алғашқы екі матчынан жеңіспен шыққан түрік волейболшы қыздар тағы да жеңіске қол жеткізгісі келеді.

Осы маңызды матч ТRT SPOR арнасынан тікелей жарияланады.

Жапонияның бас қаласы Токиода болатын матч Түркия уақытымен сағат  07-де басталады.

Ұлттық құрама олимпиада іріктеуіндегі алғашқы екі матчында Порто-Рико және Болгария командаларын жеңген болатын.

Волейбол ұлттық құрамасының В тобында Жапония, Бразилия, Бельгия, Болгария, Порто-Рико, Аргентина және Перу командалары бар. Топтарында алғашқы екі орындағы елдер Париж олимпиадасына квота алады.



Ұқсас жаңалықтар