Мәскеуде мысықтар сахнада ойын көрсетуде

Ресейде мысықтар бас кейіпкерді сомдаған "Әлемдегі жалғыз мысық театры" мөлшермен 30 жылдан бері көрермендерге ойын көрсетіп келеді.

1274130
Мәскеуде мысықтар сахнада ойын көрсетуде

Ресейде мысықтар бас кейіпкерді сомдаған "Әлемдегі жалғыз мысық театры" мөлшермен 30 жылдан бері көрермендерге ойын көрсетіп келеді.

Мәскеу Мысық театрында ойыншы ретінде тәрбиеленген 200 мысық 12 түрлі ойынмен сахнаға шығып, мәскеуліктерге көңілді күндер ұсынуда.

Осыдан 30 жыл бұрын құрылған театр шаңырағы астында көшеден немесе жануар орталықтарынан әкелінген мысықтар сахнаға шығарылу үшін ұзақ уақыттық жаттығудан өткізіледі.

Сахнаға шығудан бұрын әрбір мысыққа 4-5 жыл бойынша күн сайын толассыз түрліше әрекеттер үйретіледі.  Ойыншы, қызығатын, еркін мінездегі түрліше мысықтар үшін арнаулы білім берілгеннен кейін "актер" мысықтар сахнаға шығарылады.

Белгілі сценарийлер бойынша бас кейіпкерді сомдаған мысықтарға жол көрсететін кісілер де қосымша кейіпкерлер ретінде аздаған әрекетпен сахнаға шығады.

 



Ұқсас жаңалықтар