Муғлаға келген турист саны артты

Муғланың әр жылы мөлшермен 3 миллион турист келуде.

1093953
Муғлаға келген турист саны артты

Түркияның жағажайы ең ұзын провинциясы Муғлаға соңғы 10 айда келген турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 34 пайыз артты.

Муғланың 340 мың төсек орны бар қонақ үйлеріне  әр жылы мөлшермен 3 миллион турист келіп қонады.

Муғла губернаторы Есенгүл Живелек жасаған мәлімдемесінде сұлу табиғаты, көне тарихы, бай мәдениеті және дамыған туризм мүмкіншіліктерімен Муғланың Анталия және Стамбулдан кейінгі үшінші маңызды туризм орталығы екенін айтты.

Живелек «Муғлаға соңғы 10 айда келген турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 34 пайыз артты» деді.



Ұқсас жаңалықтар