Шанлыурфада  Мәдениет жолы фестивалі өтті

Мехмет Нури Ерсой Түркияның әлемдегі ең көп турист келетін төртінші ел екенін және қазіргі мақсаттың алғашқы 3 елдің қатарына кіру екенін білдірді.

2144669
Шанлыурфада  Мәдениет жолы фестивалі өтті

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияның әлемдегі ең көп турист келетін төртінші ел екенін және қазіргі мақсаттың алғашқы 3 елдің қатарына кіру екенін білдірді.

Министр Ерсой Шанлыурфа Мәдениет жолы фестивалі бағдарламасы аясында журналисттермен кездесті.

Шанлыурфаның  тарихқа бай керемет қала екенін түсіндірген Ерсой аймақтың үлкен туризм әлеуетіне тоқталды.

Ерсой фестиваль кезінде қаладағы барлық қонақүйлердің лық толы болғанын, ұшақтарда орын табылмағанын баяндады.

Министр Ерсой туризмдегі маусымды 12 айға дейін ұзартуды мақсат еткендерін және мұның тек күн, құм және теңізге қатысты болмайтынын, сондай-ақ туризм аймақтарын мәдени және археологиялық құндылықтарымен көрсетуді мақсат еткендерін айтты.

Министр Ерсой Түркияның әлемдегі ең көп турист келетін төртінші ел екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар