Түрік тағамдары Нью-Йорк қаласында таныстырылды

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Түрік тағамдары таныстырылды.

2155595
Түрік тағамдары Нью-Йорк қаласында таныстырылды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Нью-Йорк қаласында Түрік тағамдары таныстырылды. Шетелдік қонақтар түрлі түрік тағамдарының дәмін татып,  қатты риза болды.

Нью-Йорк Түрікевинде (Түрік үйінде) ұйымдастырылған іс-шараға Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы  жанындағы Тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз,  Нью-Йорк бас консулы Рейхан Өзгүр, тамақ өнеркәсібінің өкілдері,  іскерлер және  басқа елдердің дипломаттары қатысты.

Түркиядан АҚШ-қа азық-түлік экспортын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада  Түрік тағамы  апталығы тойланды және  қонақтарға түрік тағамдары ұсынылды.

Түрік астық, зәйтүн майы, жеміс-жидек, көкөніс және теңіз өнімдерін өндірушілер қонақтардың сұрақтарына жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар