Турист саны 12 миллион 678 мың 959-ға жетті

Түркия биылғы жылдың алғашқы 4 айында 12 миллион 678 мың 959 қонақты қабылдады.

2143886
Турист саны 12 миллион 678 мың 959-ға жетті

Мәдениет және туризм министрлігінің 2024 жылдың қаңтар-сәуір айындағы мәліметтеріне қарағанда Түркияға келгендердің 10 миллион 654 мың 94-і шетелдіктер.

Түркияға 2 миллион 24 мың 865 түрік азаматы саяхат жасады. Осылайша жалпы турист саны 12 миллион 678 мың 959-ға жетті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шетелдік саяхатшылар саны 11,75 пайызға артты.

Түркияға биылғы жылдың алғашқы 4 айында 16,20 пайыз артып, 1 миллион 122 мың 930 адаммен ең көп турист жіберген елдер арасында Германия бірінші орында тұр. Ресей 1 миллион 78 мың 294 келушілермен екінші орында болса, Иран 51,78 пайыз және 946 мың 437 келушілермен үшінші орында. Бұл елдерден кейін Болгария мен Ұлыбритания орын алды.



Ұқсас жаңалықтар