Таэквондошылар үшінші орын алды

Түрік спортшылар 4 алтын және бір қола медаль иеленді.

922706
Таэквондошылар үшінші орын алды

Халықаралық София Ашық таэквондо турнирінде түрік спортшылар 4 алтын және бір қола медаль алды.

Болгарияның бас қаласы Софияда өткен,  2020 Токио олимпиадасына қатысу үшін ұпай беретін жарыста 43 елден 1112 спортшы бақ сынады.

Турнирде Түркия атынан Таэквондо құрамасынан Хатидже Күбра Илгүн, Нафиа Куш,  Рукие Йылдырым мен Зелиха Агрыс жарысты. Айырықша Икра Кайыр да Анкара Қатынас спорт клубы атынан сайысты.

Әйелдер 57 келіде Хатидже Күбра Илгүн, 73 келіде Нафиа Куш, 49 келіде Рукие Йылдырым мен 62 келіде Икра Кайыр алтын медаль алды.

53 келіде Зелиха Агрыс болса қола медаль иеленді.

Түрік құрама командасы жалпы тізімде Тунис және Ұлыбританиядан кейін үшінші орын алды.  



Ұқсас жаңалықтар