«Түрік тағамдары апталығы» іс-шаралары жалғасуда

Анкарадағы Президенттік кешенде «Ғасырлық дәмдердің тоғысқан жері: Жеті аймақтағы түрік тағамдары» бағдарламасы өтті.

2143453
«Түрік тағамдары апталығы» іс-шаралары жалғасуда

Мыңдаған жылдарға созылған мәдениеттің, дәстүрдің, әлеуметтік мұраның, тарих пен терең тәжірибенің жемісі болып табылатын бай түрік тағамдары 21-27 мамыр аралығында әлемге таныстырылды.

«Түрік тағамдары апталығы» аясында өзінің бай гастрономиялық мәдениетін Түркия Республикасының шетелдік өкілдеріне және ел ішінде  үшінші рет таныстыратын Түркия, осы маңызды аптаның іс-шаралар  арқасында көне түрік тағамдарының ерекше рецептерін қалың бұқараға таныстыруда.

Ел астанасы Анкарадағы Президенттік кешенде «Ғасырлық дәмдердің тоғысқан жері: Жеті аймақтағы түрік тағамдары» бағдарламасы өтті.

«Түрік тағамдары апталығы» аясында Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) да іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Ел астанасы Вашингтондағы Конгресс ғимаратында түрік дәмділері таныстырылды.

Шараға түрік-америкалық қауымнан бөлек Түркияның АҚШ-тағы өкілетті және төтенше елшісі Седат Өнал мен АҚШ конгресінің мүшелері де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар