Қыс олимпиада ойындары фестивалі басталды

Фестиваль Эрзурумда өтуде.

670873
Қыс олимпиада ойындары фестивалі басталды
eyof 2017-5.jpg
eyof 2017-4.jpg
eyof 2017-3.jpg
eyof 2017-2.jpg
eyof 2017-1.jpg

Түркияда бірінші рет ұйымдастырылған 2017 Еуропа Жастар Қыс олимпиада ойындары фестивалі EYOF 2017 Эрзурумда басталды.

Еуропа Олимпиада комитеті тарапынан Түркияның маңызды қыс спорттары орталықтарының бірі Эрзурумда ұйымдастырылған фестиваль үшін 34 елден 675 спортшының қатысуымен керемет ашылу салтанаты өткізілді.

-14 градус ауа райына қарамастан ашылу салтанатына азаматтар көп келді.

ТР Жастар және спорт министрі Акиф Чагатай Кылыч осында сөйлеген сөзінде: «Әлемді ластауға тырысқан жаман ниетті адамдар болса да, әлімде әдемі қылу үшін күрескен адамдардың саны одан да көп» деді.

«Дүние жүзінің түрлі елдерінен келіп, осында иықтасып тұрған жастар кемпірқосақ секілді көңілімізге үміт ұялатады.  Барлық жастарды бір мақсатта бірлестірген, оларға бір мақсат үшін күресуді үйреткен нәрсе - спорт.  Ортақ үміттер,  қуаныштар,  тебіреністер артқан сайын адамдар бір-бірін түсіне түседі» деді ол.

Кылыч фестивальдегі табыстың шын өлшемінің медаль және кубоктар емес,  бір-бірімен байланысатын,  сөйлесіп, тіл табысатын жастар саны екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар