Орыс дипломатты депортациялайды

Ресейдің Словениядағы елшілігінде жұмыс істейтін ресейлік дипломаттың «персона нон грата» деп жарияланғаны айтылды.

2118690
Орыс дипломатты депортациялайды

Словения ресейлік дипломатты депортациялау туралы шешім қабылдады.

Словения Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Ресейдің Словениядағы елшілігінде жұмыс істейтін ресейлік дипломаттың дипломат мәртебесіне сәйкес келмейтін әрекеттермен айналысқаны үшін «персона нон грата» деп жарияланғаны айтылды.

Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 9-бабына сәйкес қабылданған шешім Ресей елшілігіне жеткізілді және орыс дипломаттың 28 наурызға дейін елден кетуі керектігі атап өтілді.

2022 жылдың сәуірінде де Словения Еуропалық Одақтың (ЕО) басқа елдерімен «үйлесімді» әрекет ету үшін 33 ресейлік дипломатты депортациялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар