Газа секторында қаза тапқандар саны 34 мың 454-ке жетті
Израильдің Газа секторындағы шабуылдарда соңғы 24 сағатта 66 палестиналық қаза тапты.
Израильдің 7 қазан күнінен бері шабуылдарын жалғастырған Газа секторында соңғы 24 сағатта 66 палестиналықтың қаза тапқаны және 138 палестиналықтың жараланғаны жарияланды.
Газа секторында Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Шабуылдардың 205-ші күні Израиль 7 қырғын жасады. Шабуылдарда 66 адам өлді, 138 адам жараланды" делінді.
Израиль шабуылдары басталған 7 қазан күнінен бері қаза тапқан палестиналықтар саны 34 мың 454-ке, жараланғандар саны 77 мың 575-ке жетті.
Мәлімдемеде үйінді астында және жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары жете алмаған жолдарда көптеген өлгендер бар екені де баса айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.