Израильдің соғысты жалғастыру жоспары бар екені атап көрсетілді

Израиль армиясының «Х» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан тақырыпқа қатысты жазбаша мәлімдеме жасалды.

2133362
Израильдің соғысты жалғастыру жоспары бар екені атап көрсетілді

Израиль армиясы Бас штаб төрағасы Герци Халевидің Газа секторындағы соғысты жалғастыру жоспарын мақұлдағанын хабарлады.

Израиль армиясының «Х» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан тақырыпқа қатысты жазбаша мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде Халевидің Израильдің оңтүстік аймақ қолбасшысы генерал-майор Ярон Финкельман және кейбір қолбасшылармен кездесуінің артынан Газа секторында соғысты жалғастыру жоспарларын бекіткені атап көрсетілді.

Израильдің «Walla» интернет парақшасында жарияланған хабарда Бас штаб төрағасының келіссөздер барысында Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахты басып алу туралы операциялық жоспарлары мақұлдағаны білдірілді.

Израильдің радикал оңшыл Қаржы министрі Безалел Смотрич кеше Беньямин Нетаньяху басқаратын үкіметтің Рафахқа басып алмайынша, өмір сүру құқығы жоқ екенін айтқан еді.

Израиль үкіметінің «Хамас»-пен тұтқын алмасу келіссөздеріне «соңғы бір мүмкіндік беруге дайын» ​​екенін бірақ ілгерілеушілік болмаған жағдайда, Рафахқа құрлықтан шабуылы бастайтынын Мысыр тарапына жеткізілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар