Индонезияда су тасқыны салдарынан 58 адам қаза тапты
Индонезияның Батыс Суматра уәлаятында муссондық жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 58-ге жетті.
![Индонезияда су тасқыны салдарынан 58 адам қаза тапты](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/fcbe/22a9/cedc/6640c161cf66e.jpg?time=1722042897)
Индонезияның Батыс Суматра уәлаятында муссондық жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 58-ге жетті.
Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің баспасөз хатшысы Абдул Мухари жүздеген үйді су басқанын және 1500-ден астам отбасының аймақтан эвакуацияланғанын мәлімдеді.
Іздеу-құтқару қызметкерлерінің тағы да мәйіт табуынан кейін қаза тапқандар санының 58-ге жеткенін білдірген Мухари 33 жаралының да ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратпен бөлісті.
Мухари хабарсыз кеткен 35 адамды табу үшін ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған іздеу-құтқару жұмыстарының қайта басталғанын хабарлады.
Зардап шеккен аудандарда жылжымалы асханалар мен жылжымалы су тазарту қондырғылары орнатылды.
Мерапи жанартауы алғаш рет 3 желтоқсанда атқылаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
![Францияда пойыз қатынасы үзілді](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/adfb/a275/ae5d/66a35e6910f0f.jpg?time=1722042897)
Францияда пойыз қатынасы үзілді
Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бірнеше сағат қалғанда пойыздар тоқтап қалды.