Жаһандық эпидемиямен күрес

Гебрейесус Дубай қаласында кеше басталған «2024 Дүниежүзілік үкіметтер саммитінде» сөз сөйледі.

2102099
Жаһандық эпидемиямен күрес

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жаңа типтегі коронавирус секілді олуы мүмкін жаһандық эпидемиямен күрес үшін жасалатын келісімнің «жалған және қастандық теориялары» себебімен тұйыққа тірелгенін айтты.

Гебрейесус Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында кеше басталған «2024 Дүниежүзілік үкіметтер саммитінде» сөз сөйледі.

Ковид-19 секілді жаһандық эпидемиялардан сақтану үшін ДДСҰ-на мүше елдердің 2021 жылдың желтоқсан айында Женевада бас қосқанын еске салған Гебрейесус тараптардың болуы мүмкін індеттерге қарсы шара қолдануға келіскенін,  бірақ мүше елдердің келісімге қол қоймағанын айтты. 

Гебрейесус қол қойылатын кез келген бір келісімнің ешбір елге үстем күш бермейтінін білдірді. Ол әлем елдерінің жаңа эпидемияларға дайын еместігін атап көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар